15Сен

Жанға жайлы ем іздесеңіз, «Оқжетпеске» келіңіз

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген жақсы тәмсілді баршамыз жақсы білеміз, бірақ құнттай бермейміз. Осы сөзге мән берсек, ауырмаудың, ағзамызды, иммунитетімізді нығайтудың жанға жайлы, денсаулыққа пайдалы жолдарын ұстануға болады. Дұрыс тамақтану, ағзаға пайдалы азық-түлік өнімдерін тұтыну, минералды су, балшық, таза ауа сияқты табиғи физиотерапиялық ем-шаралар қолдану ағзаны оңалтып қана қоймай, ауруға қарсы күш-қуатты да арттыра түседі. Осындай қызметтерді ұсынатын орындардың бірі – табиғаты тамаша Бурабайда орналасқан «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені болса, екіншісі – Алатаудың баурайындағы ару Алматыда орналасқан «Almaty resort» шипажайы.

Президенттің Іс басқармасына қарасты осы екі шипажай да медициналық ем-шаралармен қатар дәстүрлі емді де пайдаланады. Мәселен, қымызбен емдеу. Ал қымыздың қандай сусын ғана емес, шипалы дәрумен іспетті өнім екені ежелден белгілі. Мұндағы қабылдаған ем-шараларға қосымша,  қымыз да адам ағзасына оң әсер етіп, күш-қуатын арттыруға септігін тигізеді.

Жалпы сөз етіп отырған екі санаторийдің де медициналық блогы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мәселен, мұнда ағзадағы әртүрлі патологиялардың даму қаупін анықтау үшін «Медсканер БИОРС» аппараты қолданылады. Бұл құрылғыдағы Velness (денсаулық) бағдарламалық кешенінің көмегімен 10 түрлі диагностикадан өтуге болады. Санаторий дәрігерлері пациенттің диагнозына сәйкес, емдеу жоспарын әзірлейді. Бұл жерде кардиологтер, терапевтер, невропатологтер, эндокринолог, диетолог, физиотерапевт, уролог, офтальмолог, стоматолог сияқты медицина мамандары жұмыс істейді.

Келушілерге мынадай емдік-сауықтыру бағдарламасы ұсынылады: 

1. «Аnti Age» емдік бағдарламасы

2. «Тонус» сауықтыру бағдарламасы

3. «Жан мен тән тазалығы» бағдарламасы

Тарқатып айтар болсақа, «Аnti Age» емдік бағдарламасы  ағзадағы зат алмасуды жақсартады. Терінің тығыздығы мен иілгіштігін, иммунитетті қалпына келтіреді. Шаршауды басады. Жалпы ағзаның жасаруына оң әсерін тигізеді.

«Тонус» арнайы сауықтыру бағдарламасы шаршаған денені, бұзылған ұйқыны, тозған жүйкені, әлсіреген күшті қалпына келтіруге көмектеседі.

Ал «Жан мен тән тазалығы» бағдарламасы жаңадан күш-қуат жинауға септігін тигізеді.

Бұлармен қатар, EuropeSpa бірегей сертификаттаудан өтіп, әлем курорттарының үздіктер тізіміне енген «Оқжетпес»шипажайы  Covid-19, өкпе қабынуы (пневмония) ауруларынан жақында айыққан емделушілер үшін де оңалту бағдарламасын ұсынады.

«Жақында ғана вируспен күрескен ағза үшін оңалту бағдарламасынан өту маңызды. Иммунитетті көтеріп, ағза қорғанысын қалпына келтіру үшін таза ауа, минералды емдік су, ингаляция, емдік гимнастика, тұзды шахта, фитотерапия және арнайы мәзір керек. Әрине, оның бәрін үй жағдайында жасау қиын. Сондықтан ең дұрыс шешім – кәсіби мамандардың бақылауында болу. Біздің орталықта оңалту процедураларынан бөлек, С витаминіне бай қымызбен емдеу және жүрек, тамыр аурулары, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі сынды  аурулардың алдын алу және емдеу әдісі ретінде скандинавиялық серуендеуді қолданамыз», – дейді шипажай директорының емдеу-оңалту ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаева.