Алда-жалда Джеймс Уебб ғарыш телескопын құрастыру сәтінен түсірілген сурет көрсеңіз, оның Крис Ганға тиесілі екені сөзсіз.

Ганн термо-вакуумды камерадан шығып келе жатқан JWST-ты 8 қабатты лифтіден суретке түсірді. Ол NASA-ның Хьюстондағы Джонсон ғарыш айлағында жүз күн бойы криогенді сынақтан өтті. Сынақтың сәтті аяқталуы жұмысшыларды қатты толқытты. «Ұшатын сәт едәуір жақындады», – дейді Ганн.
NASA Ганды 2009 ж. Гринбелттегі (Мэриленд штаты) Годдард ғарыш айлағындағы инженерлер тобына ғылыми-техникалық фотограф ретінде жұмысқа алды. Ол алғашқы бөлшегін әкелгеннен ғарышқа аттанғанға дейінгі обсерватория құрылысын 12 жыл бойы суретке түсірді. Әрбір бұранда, сомынды, айнаны түгендеп шықты ма? «Иә. Әйтсе де мен суретке түсірмеген нәрселер де барына сенімдімін, – дейді ол күліп. – Мен үшін ең ғажабы – ауқымды бөліктері келіп, оларды құрастыр-
ғанда телескоп нобайы көрінген сәт. Сирек бөлшектері, мәселен айналары әкелінгенде, оның өте ерекше дүние екенін түсінесіз. Расында, солай».
Ганн NASA-дағы кей менеджер JWST-ты «Аполлон миссиясымен бір қатарға» қояды дейді. Өйткені мұндай күрделі құрылыс бұрын-соңды болмаған. Ең алып құралға айналған обсерватория қазір Жерден 1,5 млн қашықта ұшып жүр.
JWST-ның 2021 ж. 25 желтоқсанда Француз Гуианасындағы Курудан ғарышқа жол тартқанына куә болған Ганн қуаныш пен қобалжуды, үмітті қатар сезінді. «Көзден жас тамбады, бірақ тамағыма өксік тығылып, тілім байланды, – дейді ол. – Бұл бір жоба үшін өте ұзақ мерзім еді. Осы кезеңде жұмыстан бөлек тындырған жалғыз шаруам отбасымды сақтап, бала өсіру ғана болды. Әйтсе де жобаның бергені мол».
Автор: КУРТ МЮТЧЛЕР
