Монархтардың токсиндерге бай өсімдіктермен қоректенуі оларды көптеген жануар үшін қауіпті етеді. Назарларыңызға алдамшы сұлулыққа қатысты бірнеше деректі ұсынамыз.
1. Олар токсинді өздерінің әдемі қанаттарында сақтайды
Көбелек дернәсілі көптеген аң үшін токсинді болып келетін улы asclepiadaceae (сүттіген секілді улы өсімдік — ред.) өсімдікпен қоректенеді. Өсімдік токсині бастапқыда дернәсілдің денесінде жиналады, кейін көбелекке айналғанда экзоқаңқасы мен қанаттарына көшеді. Бұл токсин көп мөлшерде болса, жүйке жүйесін немесе жүрек бұлшық етінің (жүрек соғысын) бұзуы мүмкін; жыртқыштар әдетте көбелекті құсып тастап, содан кейін олардан аулақ жүруге тырысады.
2. Солтүстік Америкада бірде-бір көбелек бұлай ұзақ көшіп-қонбайды
Жыл сайынғы көші-қон – бұл тіршілігі бірнеше апта ғана болатын бірінші буыннан тіршілігі тоғыз айға созылатын буынға дейінгі аралықтағы үш не бес ұрпақты қамтитын одиссея. Бірінші және екінші ұрпақ АҚШ пен Канадада туып, сол жерде қалады. Қоныс аударатын монархтардың көпшілігі жаздың аяғы мен күздің басында пайда болатын үшінші буынға жатады.
3. Олар бір күнде 161 км-ге дейін, кейде одан да ұзаққа ұша алады
Көбелектердің бірнеше буын ұрпағы көктемде Мексиканың қоңыржай белдеуінен солтүстікке қоныс аударып, жаздың ортасына қарай оңтүстік Канадаға жетеді. Көші-қон 4228 км-ді құрап, 8 айға созылуы мүмкін. Кейбір монархтар күніне 80-нен 161 км-ге дейін ұшады. Бір монархтың бір күндік рекорды қандай деп ойлайсыз? 426 км!
4. Дернәсілдері көп жейді әрі тез өседі
Улы asclepiadaceae өсімдігі көбелек құртының тез өсетін дернәсілдік кезеңінде аса қажет. Ол екі апта ішінде өзінің бастапқы салмағынан 2000 есе ауыр салмақ жинайды. Бұл кезеңде ол тым тез өсіп жатқан денесіне бейімделу үшін төрт рет түлейді. Монарх жұмыртқаларының тек 2 пайызы ғана толық өсіп жетіледі.
5. Олардың мұрттары сағат сияқты жұмыс істейді
Олардың мұрттары (антенна) арқылы өтетін жарық әрбір 24 сағат сайын қайталанатын ішкі циркадалық сағатты іске қосады. Монархтар күннің орнын көздерімен байқай отырып, күннің қозғалысына қарай өз орындарын анықтау үшін антенна сағатын пайдаланады.
6. Монархтар жыл сайын өздері бұрын-соңды көрмеген Мексикадағы «үйіне» оралады
Бұл ұрпақ ол жаққа бару керек екенін қайдан біледі? Кейбір теориялар оларға жылдың әр мезгілінде күн сәулесі әсер ететін айтса, басқа бір теория жердің магнит өрісімен байланыстырады. Ал енді бірі монархтарды географиялық шектеулер белгілі бір қыстайтын жерлерге бағыттайды дейді. Бұрын көрмеген үйін табу түйсігі бұл ұрпаққа қалай мұра етілгені монархтардың әлі күнге дейін шешілмеген жұмбағы болып келе жатыр.
Дереккөздер: Чип Тейлор, Канзас университеті; Карен Оберхаузер, Уисконсин-Мэдисон университетінің арборетумы; Кристин Мерлин, Техас A & M университеті; Уэйн Э. Тогмартин, АҚШ Геологиялық қызметі; АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі; солтүстікке саяхат; монарх бірлескен кәсіпорны; Батыс монарх округі; Солтүстік Америка биота бағдарламасы; Натан П. Лемуан.
АВТОРЫ: МОНИКА СЕРРАНО мен БЕН СКОТТ
Графикалық редактор: Моника Серрано
Карта редакторы: Мэттью У. Шуастик
Суреттер: Люси Ньютон
Даму бөлімі: Бен Скотт және Райан Моррис
Мәтіндік редактор: Ева Конант
Ғылыми редактор: Брэндон Шипкоуски
Копирайтер: Синди Лейтнер