
Қадірлі оқырман!
Барша тіршілік атаулы қайта жаңғырып, табиғат жанданатын Әз Наурызда сізге қажымас күш-қуат, сарқылмас шабыт тілеймін! Жыл он екі ай оқырманымыз болып, ғалам ғажайыптарын зерттеп тану саяхатына бірге аттанғаныңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін.
National Geographic зерттеушілері мен фотографтары ұсынған танымдық материалдар мен таңдаулы фотолар, көрнекі иллюстрациялар талғамыңыздан шықты деп үміттенемін. Сонымен қатар сізге әлемнің беймәлім болып келген сырларын ашып, планетамыздың ең өзекті проблемаларына да назарыңызды аудара алдық деген ойдамын.
Ғылым мен технология Жер-ана мен жалпы жаратылыс атаулының, шексіз ғарыштың біз білмейтін ғаламаты өте көп екеніне күн сайын көзімізді жеткізіп келеді. Ал артефактілердің жасын анықтау бағытындағы жетілдірілген әдіс-тәсілдер, жаңа зерттеулер адамзат тарихына қатысты осы уақытқа дейінгі қалыптасқан түсініктеріміз бен ғылыми тұжырымдарымызды қайта қарауға мәжбүрлеуде.
Біз сол зерттеулердің барысы мен нәтижелерін ең бірінші болып ана тілімізде әсерлі баяндаймыз. Ойыңызды өрістетіп, біліміңізге білім қосатын жаңалықтар мен деректерді көрнекі түрде түсіндіруге тырысамыз. Бір сөзбен айтсақ, сіздің танымдық саяхатыңызды жалғастырамыз.
Бізбен бірге болыңыз!
Құрметпен,
бас редактор Еркін Жақыпов

Қадірлі оқырман, сіз редакциямызға мына телефонға +7 771 149 9144 хабарласып, журналымыздың осы нөмірлерінің кез келгенін немесе төмендегі «ЖАЗЫЛУ» батырмасын басып, Каспи арқылы жаңа журнал сатып ала аласыз.