13Қар

Саяхатшыларға арналған ең озық 9 фотокамера

Біздің фотоинженерлер фото түсірумен айналысқысы келетіндердің бәріне – әуестігі енді оянғандардан бастап, көше фотографтарына дейін, сондай-ақ бюджеті шектеулі жандарға осы камераларды алуды ұсынады.

Серіктестер арасындағы маркетинг бағдарламасына қатысушы ретінде National Geographic жекелеген сауда түрлеріне комиссия алады.*

Бүгінгідей саяхат қайта қарқын алған тұста алтынға пара-пар уақытты естелік ретінде сақтап алуға талпыныс зор. Саяхатта таспаға түскен сәттер өміріміздегі жарқын мезеттерді жадымызда қайта жаңғыртып ғана қоймай,  бізді күтіп тұрған жаңа ғажайыптар туралы да еске салып тұрады. Осыған орай біз National Geographic-тің фотоинженерлер тобынан туристерге қандай ықшамды камераларды алуға кеңес беретінін сұрадық. Олар кәсіби фотографтар үшін арнаулы техникаларды жобалаумен және тауарларды сынақтан өткізумен айналысады.

Саяхатшыларға ұсыналатын ең озық камера: Fujifilm X-S20

Fujifilm X-S20 осының алдындағы үлгі X-S10-да бар функциялардың барлығын дерлік қамтиды, соған қарамастан бағасы арзанырақ әрі әмбебап. 

•X-S20 жұмсаған қаражатыңызды толығымен ақтайды.

Ол X-S10- нан кейін шықты (осыған дейін камера бойынша нұсқаулықтарда ұсынылған көрнекті үлгілердің тағы бірі) әрі Fuji X желісіне тиесілі қолжетімді, әмбебап және стильді корпусында озық функциялардың басым көпшілігі бар.

• 26 мегапикселге (МП) дейінгі баланста сенсоры және сыйымдылығы үлкен, жаңа батереяларының арқасында  X-S20-ны қолдану ыңғайлы.

Керек кеңес: Бұл камераны XF 16–80 мм f/4 OIS WR әмбебап объективімен қолданған дұрыс. Екінші объектив ретінде болашақта адам көзіне пара-пар 40 мм фокусты арақашықтықты қамтамасыз  етуге қауқарлы –  ультраықшам XF 27mm f/2,8 R WR қолдану ұсынылады.

Көше фотосын жасауға ең жақсысы (әрі ең ықшамы): Ricoh GR III

Ricoh GRIII камерасының көгілдір градиент фонында студияда түсірілген фотолары.

• Ricoh GR III  біздің тізімге 4-рет  еніп отыр. Себебі тұрқы қалта көлеміндей ғана болғанымен қуаты зор.

• APS-C -тің 24 МП дейін алатын сенсоры, фазалық автофокусы, жоғары сезімталдыққа ие сенсорлы экраны мен мәзір жүйесіндегі қарапайым навигациясының арқасында GR III камерасын күнделікті теңшеуден соң түсіре беруге болады.

Керек кеңес: егер тиімді  фокус қашықтығы  28 мм f/2,8 тым кең болса, GR IIIx-ты қосып көріңіз. 2021 жылы қолданысқа берілген ол GR III- ке ұқсайды, жалғыз айырмасы – обьективінің қамту аясы тарлау (эквивалентті объективі 40 мм f/2,8).

Жалпы сипаттамасы бойынша озық камера: Fujifilm X-T5

Көпфункциялы Fujifilm X-T5 осы ерекшелігінің арқасында ықшамды камералар арасында тізімнің басында тұр.

• Fujifilm -ның XT сериялы камералары әуесқойлардың да, кәсібилердің де талғамына сай келеді. Бұл құрылғыда кәсіби түрде заманауи әдістермен басқарылатын винтажды циферблаттар, сыртқы әсерлерден қорғайтын берік конструкция, сонымен қатар сенімді автофокус пен жоғары жеделдік теңдей жымдасқан.

• X-T5 үлгісі таспаланған суреттің сапасы, автофокус, көлемі, обьективті таңдау, сыртқы атмосфералық әсерлерден қорғанысы мен автономды жұмыс істеу уақыты жағынан алғанда ең өнімді камера санатына жатады.

• X-T4 -тен сәл кішілеу, X-H2 -нің 40 МП XT сенсорымен жабдықталған X-T5 биыл саяхатшылар арасындағы таңдаулы камера атанды. Бұл сенсор бүгінде нарықтағы  ең таңдаулы APS-C өнімі саналады.

Керек кеңес: біз  саяхат кезіндегі ыңғайлылығы тұрғысынан алғанда  Fujifilm-нің  фокус қашықтығын реттейтін ықшамды объективтері, нақтыласақ 27 мм f/2,8 R WR және 23 мм f/2 R WR -ды жоғары бағалаймыз.

Ең қымбат  камера: Leica Q3

Leica Q3 көк фонда түсірілген студиядағы фотосы

• Бұл камера 5995 доллар тұрады. Құны арзан емес. Қазір нарықта айнасыз, толықкадрлы камералардан Leica -дан өзге, 6000 доллардан жоғары бағаға сатылатын бір ғана камера бар. ОЛ – әлемдегі ең өнімді, 35-мм үлгідегі Sony A1.  Осынша қымбат дүние сізге не беруі мүмкін? Бәлкім, туристік фото үшін үздік тәжірибе жинауға мүмкіндік берер дейді авторлардың бірі. Оның сәнді басқару тетіктері мен сыртқы бейнесінің мінсіздігі камераны ыждақатпен қолдануға лайықты себеп болары анық.

• Таспаланған суреттер сапасы бойынша оған теңесе алатыны жоқ: 61 МП дейін алатын кең диапазонды  RAW күзеу-мен түзеу жұмыстарына мол орын қалдырады. Камераның сыртқы атмосфералар әсерінен қорғанысы әскери танктен кем емес.

Керек кеңес: Сондай-ақ біз Leica Q2 мен қара-ақ сенсорлы Q2 Monochrom камеларын ұсынамыз.

Толықкадрлы ауыспалы объективі бар үздік камера : Nikon Zf

Nikon ZF фотокамерасының студияда жасыл фондағы суреті

• Сенімді сенсор, артқы экран, Z6II үлгісімен бірдей жоғары сападағы электронды бейне іздеу жабдығы және әсем ретро кескіні Nikon Zf -ды осы категорияда ең үздік санатына қосты.

• Бұған қоса, ол Nikon-ның алдыңғы қатарлы нұсқаларында бар 8 түрлі стабилизация тетігі – EXPEED 7 -мен жабдықталған. Бұл камераның  автофокусы мен  виртуалды қызметінің деңгейін көтеріп тұр.

• Атмосфералық әсерлерден қорғау, магний құймасынан қашалған корпусы, жезбен нақышталған механикалық циферблаттар тұтынушыларға айрықша көңіл бөлінгеніне айғақ. Бұл камераны сынақтан өткізу бәрінен қызық болды.

• Үлгінің тағы бір артықшылығы толықфункциялы  Zf спорт  технологиясы. Ол фокус нүктесін  сенсорлық экран көмегі арқылы ауыстыра береді, 96 МП -ге дейінгі аралықта сурет түсіру үшін пиксельдерді жылжыта түсіру және фокус нүктесін орнықтыру қызметі бар. Сонымен қатар,  арнайы ақ-қара түсті режімді де табасыз.

Керек кеңес: Егер сізде бір ғана объектив болса, 24–120 мм f/4-ті қолданыңыз. Оны осы үлгінің ықшамды түрлері, мысалы, мм f/2 или 28 мм f/2,8- бен қолдануға кеңес береміз.

Жабайы табиғатты түсіруге арналған озық камера: OM System OM-1

OM System компаниясының өнімі OM-1 секундына 50 кадрға дейін іледі. Бұл басқа видеокамералармен салыстырғанда әлдеқайда жылдам әрі сонысымен шоқтығы биік.

• Ірі брендтердің беткеұстар камералары  (Sony A1, Nikon Z9, Canon R3) тән көптеген функциялар OM-1 -де бар, бұған қоса ол өте әбжіл. Тоқтаусыз автофокустау арқылы  OM-1 секундына 50 кадрдан астам таспалап үлгереді – бұл видеодан да жылдам.

• Нысандарды тану режиміндегі жоғары жылдамдық барлық жан-жануарды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

• OM System-нің беткеұстары OM-1 теңдессіз Micro Four Thirds (MFT) матрицасымен жабдықталған, соның арқасында аралық тек 4:3-ті құрайды және бұл өте төмен, толық кадрдың шамамен жарты бөлігі ғана.

• Камераның бірнеше есептеу режимі бар. Солардың бірінде қолмен бұрап, жоғары дәлдікке қоюға болады (16 кадрлы 50 МП дейін рұқсат етілген файлдар жасап шығады) және көпшілікке ұнамды Live-ND фильтрі бар. Оның бейтарап тығыздығы фильтрді табиғи қылып көрсетеді. Бұл қозғалысты ұстап қалу кезінде жарық тым өткір болғанына қарамастан анық кескін алуға көмектеседі. Мұхит толқындары мен алып сарқырамалардағы бұлдыр бейнені еске түсіріңіз.

• Тізімдегі бүкіл камералар арасында атмосфералық әсерден ең жоғары деңгейде қорғалғаны – осы. Сондықтан ең қатал табиғи ортаға да төтеп бере алады.

Керек кеңес: Бұл камераның барлық обьективі кәсіби түсірілімге арналған, әр бөлшегінің сапасы өте жоғары.  Қосалқы бленда, фокус пен зумға ауыстыратын жылжымалы сақинамен бірге жабдықталған.  Тұмса табиғат немесе  құстарды түсірумен әуестенетіндерге  150–400 мм F4.5 TC1.25x IS PRO ең жақсы обьектив саналады. Ол  300 – 800 мм арасындағы диапозонға ие әрі 1000 мм аралықты басқаруға қолайлы қосалқы телеконвертермен қамтамасыз етілген. Бұл камераға келетін ең жақсы обьектив  12 – 100 мм f/4 IS PRO (24 – 200 мм).

Фото түсіруді енді үйреніп жүргендер үшін ең жақсы таңдау: Canon EOS R50

Canon R50-ді қолда ұстау оңай. Сенсорлы экран орнатылған интерфейсі бұл камераны фото түсірумен жаңадан айналысып жүргендерге ең қолайлы ұсыныс санатына қосты.

• Canon айнасыз форматтағы APS-C желісінің қатарын толықтыруды жалғастыруда.  R50  – тәжірибесіз фотографтар мен мобильді телефоннан  кәсіби құрылғыға ауысқысы келетіндер үшін жақсы таңдау.

• Ықшамды және қолдануға оңай етіп құрастырылған бұл камерада электронды кескін іздеу мен ағын жылжымалы жарқыл орнатылған. Сонымен қатар, оған мәзірдегі навигациясы қарапайым ғана сенсорлы интерфейс пен түсірілімде параметрлерді реттейтін сенсорлық басқару панелі орнатылған.

• R50-мен бірге ұсынылатын  18 – 45 мм объективінің басты артықшылығы –  көлемінде. APS-C  желісініңең осал тұсы – объективтегі опциялардың жоқтығы.

Бағасы қалтаға салмақ салмайтын камера: Nikon Z30

Nikon Z30 фотокамерасының студияда жасыл фондағы суреті

• Өткен жылы Nikon компаниясы APS-C форматтағы айнасыз камералар желісін толықтырған Z30 үшінші үлгісін нарыққа шығарды. Электронды кескін іздеу функциясы болмаған соң камера өте ықшам, сондықтан оны алып жүру оңай, ал түсірілім процесі шаршатпай, шабыттандыра түседі. Камераның сипаттамасы да бұрынғыша тамаша қалпын сақтап тұр.  Nikon-ның тікелей өз өндірісінен шығатын DX обьективтерінен бөлек, басқа да өндірушілердің жабықтарын қолдануға болады.• Z30 фототүсірілім кезінде керемет мүмкіндіктер ұсынуымен таңғалдырады.  Мысалы, әлсіз жарықпен де сапалы түсіреді. Механикалық бекітпемен басқарылатынына қарамастан автофокустау арқылы секундына 11 кадрға дейін таспалайды. Түсірілген фотолар жоғары сапалы  RAW форматында, барлық функцияда сақталады.

Керек кеңес: Бұл үлгі Nikon DX 16–50mm f/3,5–6,3 VR обьективтерінің үлгісімен тамаша үйлесім табады.  Бейне айқындығы төмен, жарық аз түсірілімдерде  DX 24mm f/1,7 -ден артығын таппайсыз.  Қарапайым да ықшам обьективті бір рет пайдаланып көрсеңіз, оны Z30 -бен біржола қалдыруға құлықты боларыңыз анық.

Саяхатқа сай келетін ең әмбебап камера: Sony RX100VII

RX100VII фотокамерасының студияда жасыл фондағы суреті

• Sony RX100 желісі ультраықшам камералар арасындағы ең әмбебап камера. Бұған дейін тоқталып өткен RX100VII-да бар функциялардың барлығы дерлік табылады. Атап айтқанда: адам немесе жануардың көзі не бейнесіне жоғары сапада, кәсіби автофокус жасау; қозғалыстағы нысандардың түсірілімін бұлдырсыз бейнелеу; тыныш түсірілі, өткір жарықта да тиіс түсті сақтай алу.• RX100VII-нің  24 – 200 мм аралыққа дейінгі фокусты ұстайтын зум-объективі  қанық түсті айтарлықтай қағып ала алмас,  бірақ кең диапозонды еркін қамти алады. Том RX100  желісін әлі күнге дейін таңдауынан тыс қалдырып көрген жоқ.

Ескертпе:  Болашақ жаңа үлгілерінде USB-C сияқты камераның ішінде қуаттау, суреттерді жүктеп алу тетігін көргіміз келеді.  Sony  мәзіріне тән сенсорлық басқаруға бейімді әрі оңай жүргізілетін жүйелерді енгізсе, тіпті жақсы.

Том О’Брайен — инженер-механик,  National Geographic фотоинженерия бөлімін басқарады. Ол жеке шеберханасында журналдың фотографтарына арнайы жабдықтарды жобалау және құрастырумен айналысады. Instagram парақшасынан көбірек мәлімет алсаңыз болады.

Эрик Флинн — машинист/өндіруші. Ол National Geographic фотоинженерия бөліміне құрал-жабдықтар жасаумен айналысады. Instagram парақшасынан көбірек мәлімет алыңыз.

Авторы: Том  O’Брайен  және Ерик Флинн

Фотограф: Ребекка Хейли

Ескерту: Оқырмандар таңдаулы сілтемелерді басу арқылы NationalGeographic.com сайтынан шығып, жұмыс істеу шарттар мен құпиялылық саясаты әртүрлі үшінші тараптың электрондық коммерция сайттарына өтеді. Біз сізбен осы өнімдер мен тәжірибелер туралы жеке пікірлерімізді бөлісіп жатқанымызға қарамастан, National Geographic бұл өнімдерді немесе тәжірибелерді қолдамайды. Ол осы өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты ешқандай сынақ жүргізбегенін, мұндай өнімдер өндірмейтінін, сатпайтынын және таратпайтынын ескертеді.  Осы өнімдердің немесе тәжірибелердің қауіпсіздігі немесе сапасы туралы ешқандай мәлімдеме жасамайды. Материал жарияланған күннен бері олардың бағалары мен қолжетімділігі өзгерген болуы мүмкін.