21Мам

Hilton Garden Inn Astana: елорда төріндегі жайлы мекен

Астана – күн сайын өсіп, кеңейіп келе жатқан әрі іскерлік һәм мәдени-туристік қарым-қатынастар мен барыс-келіске толы заманауи мегаполис. Елордаға жыл сайын мыңдаған турист пен шетелдік мейман ат басын бұрады. Олар үшін сапалы қызмет көрсететін, жайлы орын ұсынатын қонақүй – сапардың маңызды тармақтарының бірі. Бас қаланың төріндегі  Hilton Garden Inn Astanaосындай өлшемдер тұрғысынан өз қонақтарының көңілінен шығатын санаулы кешендердің бірі.

Hilton Garden Inn Astana жайлылық пен сапаға сүйенген халықаралық деңгейдегі қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Бұл қонақүйге қадам басқан әрбір қонақты жылы шыраймен қарсы алатын қызметкерлер – кәсіпқойлық пен қонақжайлықтың үлгісі.

Жайлылық пен сапа – басты қағидат

Ұзақ жол жүріп келген қонақтарға сапалы демалыс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – қонақүй ұжымының басты мақсаты. Сондықтан қонақүйдің клиенттері үшін трансфер қызметі де ұйымдастырылады. Қонақтарға ыңғайлы 4 люкс бөлме және заманауи жабдықталған 240-тан астам стандартты бөлме ұсынады. Әр бөлме жоғары жайлылық талаптарына толықтай сай: жұмсақ та жайлы төсек, кең үстел, тегін Wi-Fi, диван, теледидар, сейф, багаж үстелі және ыңғайлы гардероб қамтамасыз етілген. Жолсапардан келген қонақ үлкен асқа дейін шөлін басып, бойын сергітіп алуы үшін әр бөлмеде шай мен кофе қарастырылған.

Тән саулығы – жан саулығы

Бүгінде жайлы демалысты тән сауықтыру шараларымен ұштастыру да заманауни үрдістердің бірі екені анық. Сондықтан бұл қонақүйде сауықтыру кешені де жұмыс істейді. Қонақүйдің екінші қабатында орналасқан фитнес-орталық пен фин саунасы күні бойы жиналған шиырығу мен қалжыраудан кейінгі денені бәр сәт тынықтырып, күш-қуат жинауға таптырмайтын орын. Ең бастысы, бұл қызметтің барлығы қонақтар үшін тегін, яғни нөмір жалдау құнына кіреді.

Іс-шаралар мен іскерлік кездесулерге арналған орын

Сапырылысқан көлігі мен қым-қиуыт қызып жатқан тірлігі бар қалада кейде іскерлік кездесу өткізу үшін сыртқа шығу да кейбір адамдар үшін жайсыздық тудыруы мүмкін. Hilton Garden Inn Astana қонақүйіне тоқтаған адам бұл жағынан да ұтатытын анық.  Қонақүйде іскерлік кездесулер мен конференцияларға арналған заманауи 8 конференц-зал бар. Яғни қандай форматта және қанша адамға болсын, түрлі тренингтер мен семинарлар ұйымдастыруға, келіссөздер өткізуге ыңғайлы.

Дәмді ас мәзірі

Кез келген қонақүйдің сыны мен сапасын айқындайтың маңызды нәрсені бірі ас мәзірі екені анық. Қонақүйдің бірінші қабатында орналасқан Garden Grille & Bar мейрамханасы – дәмді әрі сапалы ас іздегендерге арналған орын. Мұндағы әралуан дәм ұсынатын мәзірдің бағасы да  қолжетімді. Қонақтар қалаған тағамына тапсырып беруіне болады. Мейрамхана қызметкерлері де кез келген сәтте кеңес беріп, қол ұшын созуға әзір. Сондай-ақ лобби-барда қонақтардың бейресми жағдайда уақыт өткізу мүмкіндігі де қарастырылған.

Көрікті орындар қарыс қадам жерде

Егер сіз таңғы тұнық ауада немесе кешкі самалда қала көшелерімен серуендеп, көрікті орындары көргіңіз келсе, мархабат. Hilton Garden Inn Astana елорданың ең көрікті жерлеріне жақын орналасқан. Бәйтерек монументі мен Нұрлы жол бульвары, Әбу-Даби Плаза сынды көрнекті орындар мен Транспорт-Тауэр, «Қазмедиа», «Қазақстан темір жолы» сынды мемлекеттік һәм іскерлік ғимараттар, «Керуен», «Сарыарқа» және Хан-Шатыр сауда-сауық орталықтары жаяу серуендеп баруға болатын жерде болса, Триатлон саябағы,  EXPO көрме орталығы, Ботаникалық бақ сияқты орындарға көлікпен 10-15 минутта жетуге болады. Ендеше, Астанаға жолыңыз түсіп жатса, Hilton Garden Inn Astana қонақүйі сізді құшақ жая қарсы алуға дайын.

Сайт: https://www.hilton.com/en/hotels/tseakgi-hilton-garden-inn-astana/

https://www.instagram.com/hiltongardeninnastana?igsh=MWt5a3Rud3JnZmNxMw==

Байланыс: +77172756756 (24/7 Ресепшен)

Электроны мекенжайы: reservations_astana@hilton.com | tseak_fo@hilton.com