Альпі тауларында экономика мен мәдениет қарлы қысқа тәуелді. Қазір ауа-райының жылынуынан төнген қауіптен қар мен мұзды құтқару үшін күрес жүріп жатыр.
Бұлт жамылғысын жарып өтетіндей биік шыңдармен қоршалған биіктігі 13 метрлік нығыздалған қар үйіндісінің үстінен өтетін көлемі трактордай ауыл шаруашылығы көлігі бір орам ақ матаны төсейді. Үйіндінің үстінде алты жұмысшы тігін машинасымен мата панельдерін тігіп жатыр. Маусым айында Альпі тауындағы ең биік және ең суық тау шаңғысы аймақтарының бірі Аустрияның Китцштайнхорн аумағында еріген қар суы тау етегіндегі сайларға ағып жатыр. Ал мұздықта беткейлерді жөндеу бригадасы келесі маусымға дайындалуда.
Тіпті 3 000 метр биіктікте табиғи қарға сенудің өзі күмәнді болып қалды. Сондықтан техникалық менеджер Гюнтер Бренштайнер басқаратын топ келесі жылға дайындық жасауда. Олар бір ай бойы соңғы маусымның соңғы қарын бірнеше қабатқа тең болатындай үйіндіге жинады. Олардың ең үлкендері футбол алаңынан да үлкен. Жазда еріп кетуден сақту үшін олар енді тағы бір ай бойы үйінділерді матамен жабады. Жаңа маусым басталғанда қар жауғанға немесе тіпті жасанды қар жасауға ауа тым жылы болса, жүк тиегіш пен қар тегістейтін көлік ескі қарды беткейлерге жайып шығады.
«Климаттың жылынуымен бәрі өзгерді», – дейді Бренштейн. Ол мұнда 31 жыл бұрын жұмыс істей бастаған. Қазір сол жылдар Альпі тауында шаңғымен сырғанаудың ең жақсы кезеңі болып көрінеді. (Материалдың толық нұсқасын National Geographic Qazaqstan журналының наурыздағы санынан оқи аласыз. Журналды мына телефон арқылы жаздырып алуыңызға болады: +7 771 050 91 77)
Автор: Дениз Груби
Фото: Сирил Джазбек