Кең даланың еркесіне, тұмса табиғаттың айнымас бір бөлшегіне айналған, мұз дәуірінен бері мекен етіп келе жатқан жануарды қазақтар киелі санайды. Көздері мөлдіреп, танауы желпілдеген ақбөкендер осы күні бір ұланғайыр даламыздың символы іспетті. Ерекшелігі сол, бұл жануарға халық екі бірдей ат берген. Жазда киік десе, қысты күні сарғыш тартқан жүндері қалыңдаған шақта ақ түске боялатындықтан ақбөкен дейді.
Фото: Николай Денисов