8Там

Бұйра бірқазан

Бірқазан – ескекаяқты құстар отрядына жатады. Қазақстанда олардың екі түрі – бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан мекендейді. Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлі маңында, Қорғалжын қорығы аумағындағы көлдерде кездеседі. Дене тұрқы бір жарым метрдей, салмағы 10-13 кг тартуы мүмкін. Тұмсығының үлкендігіне және алқымына дейінгі аралығында жем (балық) салатын қапшығының болуына байланысты бірқазан аталған.

Мына фотоны ғалым-орнитолог Александр Федулин Қорғалжын қорығы аумағында түсіріп алған.