14Шіл

Көзге түспес көлбұқа

Көзге түспес көлбұқаңыз осы болады. Ел арасында әупілдек деген атаумен көбірек танымал. Сазды, қамысты-қопалы көлдердің маңын мекендейді. Сондықтан көзге мүлдем түспейді десек те болады. Өзі кішкентай құс болғанымен, дауысы өте зор. Сол себепті көлбұқа деп те атайды. Бала кезімізде бүкіл сазды жаңғыртып әупілдеген дауысын естіп, өзін көрмек болған талай талпынысымыз нәтижесін аяқталған.

Сурет Қорғалжын қорығы аумағында түсірілген.

Фото авторы: Александр Федулин