Саура шатқалы – Ақтау қаласынан 100 шақырым жерде Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан өте көркем жер.
Шатқалдың арасында Қаракүп деп аталатын суы тұщы шағын көл орналасқан. Тереңдігі 5 метрдей. Көлде бақалар мен батпақ тасбақалары да мекендейді. Көл үш жағынан төбесі тұйық, 50 метрдей болатын тік жартастармен қоршалған. Судың айналасы жап-жасыл, шөл даладағы нағыз шұрат. Мұнда қазақ сирені (тамарикс), хош иісті жалбыз және гармала өсімдіктері өседі.
Бұдан бөлек, Саура өзінің әсемдігімен ғана емес, шатқалдан табылған тарихи жәдігерлерімен де құнды. Өткен ғасырда осы мекеннің солтүстік-батысынан археологиялық ескерткіш – Саура бекінісі – қола дәуірінің жәдігері табылды. Бұл Ұлы Жібек жолының тұрақтарының бірі болған болуы мүмкін. Бекініс жанынан 2,5 метр тереңдікте әйел адамның мәйіті табылған. Археологтер бұл мүрдені ерте темір дәуіріне жатады деп топшылайды. Қабірден екі қыш ыдыс, темір пышақ, бірнеше моншақ пен ұршық табылған. Бекініс жер сілкінісі нәтижесінде құлап қалған.
Саура бекінісі – Арал-Каспий аймағындағы алғаш зерттелген қола дәуірінің фортификациялық нысаны.
Ол жерден табылған ең назар аударарлық заттардың бірі – кіреберіс плитларының біріне салынған геометриялық фигураның суреті. Сурет қызыл минералды бояумен салынып, 21 ұяшықтан тұратын торды құрайды. Бұл сурет тылсым дүние мағынасын білдіруі мүмкін.
Тарихи құрылысты зерттеу барысында археологтер бекіністі қайта қалпына келтіруге тырысты. Сондай-ақ олар барлық іргетасын сол қалпында сақтап, табиғи тастармен қаланған жаңа қабатпен жапты.
Маңғысаудың басқа да ғажайыптары секілді, бұл шатқал да көптеген аңыз-әңгімелерге арқау болған. Жергілікті халық Саураға келіп тілеген тілегің бір құдыреттің күшімен қабыл болады деп сенеді.