20Қаз

Қызыл ғаламшарда өмір бар ма?

Марс

Ғарыштағы жарыс

Бір жыл уақыт Халықаралық ғарыш стансасында болған Михаил Корниенко «Жұлдызды қалашықтағы» ойыншық марсаяқты ермек етіп отыр. Марс бетіне қонғанда оның қалай қызмет ететіні әлі белгісіз. Ең қиыны – адам сүйегі мүжіліп, миына зақым келеді.

Бір жыл уақыт Халықаралық ғарыш стансасында болған Михаил Корниенко «Жұлдызды қалашықтағы» ойыншық марсаяқты ермек етіп отыр. Марс бетіне қонғанда оның қалай қызмет ететіні әлі белгісіз. Ең қиыны – адам сүйегі мүжіліп, миына зақым келеді.

ФОТО: ФИЛЛИП ТОЛЕДАНО, ВИКИНГ ЖОБАСЫ, USGS/NASA

марс-4

Ұшпас бұрын қонуды ойла­ 

марс-3

«SpaceХ» әуе-ғарыш компаниясы «күндердің күнінде адамның Марсқа қонуына мүмкіндік беретін зымыран жасап жатырмыз» дейді. «Falcon 9» зымыраны (сол жақта) Флоридадағы Канаверал мүйісінен ғарыш стансасына қажетті жабдықтарды жеткізу үшін көкке көтерілді. Екінші фазада ол мұхитқа құлаудың орнына қозғалтқышын екі есе күшейтіп, жақын жердегі алаңқайға (оң жақта) баяу қонды. Қашықтан түсірілген экспозиция бүкіл жолды толық қамтыған. Түзу ақ жолақ зымыран тасығыштың қайтқан жолын көрсетіп тұр.

ФОТОЛАР: SPACEX (СОЛ ЖАҚТА ШЕТКІ), МАЙКЛ СИЛИ (ОРТАДА), SPACEX

марс-5

Марс үшін арнайы киінген Солтүстік Дакота университетінің ғарыш инженері Пабло де Леон NASA-ның «Кеннеди» ғарыш орталығындағы «реголит бункерде» скафандрдың көшірмесін сынақтан өткізіп жатыр. Камераның ішіндегі борпылдақ топырақ пен желдеткіш Марста ғарышкерлерді қинайтын шаңды дауылдың имитациясын жасап тұр.

ФОТО: ФИЛЛИП ТОЛЕДАНО

Без-имени-2

Солтүстік-Шығыс университетінің инженерлері Таскин Падир (оң жақта) мен Велин Димитров сынақтан өткізіп жатқан Валькири роботтарының бірі Марсқа алғаш болып із салуы мүмкін. Адамдар барғанша роботтар онда база жасайды. Кейін олар күн батареяларының шаңын тазалау сияқты жұмыстармен айналыса алады.

ФОТО: МАКС АГИЛЬЕРА-ХЕЛЛВЕГ. СУРЕТ НЬЮ-ИНГЛАНД РОБОТТАРДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ОРТАЛЫҒЫНДА ТҮСІРІЛГЕН. МАССАЧУСЕТС УНИВЕРСИТЕТІ, ЛАУЭЛЛ.

Оңтүстік Каролинадағы ағаштың арғы жағынан жерге қайтып келе жатқан «Falcon 9» зымыран тасығышы көрінеді. «Бұл шынымен менің Марста қала тұрғызуға болады деген сенімімді біршама нығайта түсті», — деді «SpaceX-тің» негізін қалаушы Элон Маск қайта қондыру операциясынан соң. ФОТО: ЗАК ГРЕТЕР

Оңтүстік Каролинадағы ағаштың арғы жағынан жерге қайтып келе жатқан «Falcon 9» зымыран тасығышы көрінеді. «Бұл шынымен менің Марста қала тұрғызуға болады деген сенімімді біршама нығайта түсті», — деді «SpaceX-тің» негізін қалаушы Элон Маск қайта қондыру операциясынан соң.

ФОТО: ЗАК ГРЕТЕР

Джоэл Эйчбах

Фотограф Филлип Толедано, Роберт Кларк, Макс Агильера-Хелвег, Марк Тиссен

Элон Масктың Марсқа барғысы келеді

Жай барып қоймай, сонда қайтыс болғысы келетіндігі туралы арманы елді дүр сілкіндірді. Марс бетіне соғылып қалудың алдын алатын технология 2015 жылдың желтоқсан айында маңызды сынақтан өткен болатын. Масктың «SpaceX» компаниясы жасап шығарған «Falcon 9» зымыраны 11 коммуникациялық серікті тіркеп алып, Флоридадағы Канаверал мүйісінен көкке көтерілді.

Ғарыш дәуірі басталғалы бері мыңдаған зымыран тасығыштың әрекетін қайталаған бұл құрылғы да зымыраннан бөлініп шықты. Әдетте олар атмосферада өртеніп, қалдықтары мұхитқа құлайтын. Бірақ мұның отыны бітпепті. Ол құлдилаудың орнына төңкеріліп түсіп, қозғалтқышын қайта қосып, жақын жердегі қону алаңқайына баяулап бет алды. Негізінде ол тартылыс заңына қарсы, кері қарай ұшты. Жерден қарағанда ұшырудың бейнетаспасын артқа айналдырғандай әсер қалдырады.

Адамзаттың ғарышта табан тірейтін тағы бір жері – Марс болса, оған жету қаншалықты мүмкін?

Ұшыруды басқару орталығындағы (Канаверал мүйісі), «SpaceX-тың» миссияны басқару орталығындағы (Хоуторн, Калифорния) жас инженерлер экранда жақындап келе жатқан отты шарды көріп, мелшиді де қалды. Ұшыруды бақылау орталығында отырған Маск бәрін өз көзімен көру үшін сыртқа атып шықты. Бірнеше секундтан соң құлақ тұндырар гүріл естілді. Бұрын-соңды ешкім ешқашан орбиталық санаттағы зымыран тасығыштарды бұлайша қондырмаған. Бірақ бұл – зымыран тасығыштың атмосфераны жарып өтіп құлдилағандағы гүрілі болып шықты. Зымыран тасығыштың баяу, баппен әрі сәтті қонғаны сияқты оның үні де Масктың құлағына жағымды болып жетті. Экран алдында тұрған инженерлер қуана айқайлап жатты.

«SpaceX» қайта қолдануға болатын зымыран жасауда үлкен межеден өтті. Маск ұшыру шығындарын 99 пайызға азайтуға болатынын есептеп шығарды, бұл серіктер ұшыруда және Халықаралық ғарыш стансасына жабдықтар жеткізуде «SpaceX-қа» үлкен мүмкіндік береді. Бірақ Масктың мақсаты ол емес еді. Сол түнгі телеконференцияда айтқанындай, зымыран тасығыштың алғашқы рет жеңіл қонуы «Марсқа қала салу жолындағы шешуші қадам» болды.

Элон Маск «Аполлон» ғарышкерлері Айға қонғаны сияқты Марсқа жай ғана қонғысы келмейді. Өз кесірімізден болған ақырзаман бізді Жер бетінен аластағанға дейін ол сол жақтан өркениет құрғысы келеді. Хоуторндағы «SpaceX» қызметкерлері «Occupy Mars» («Марсты жаулайық») деген жейделерді көп киіп жүреді. Масктың қарабайыр жұмыс үстелінің дәл жанындағы қабырғада Марстың екі суреті ілініп тұр: бірінде ғаламшардың қазіргі күйген қызыл қалпы бейнеленсе, екіншісінде инженерлер «түрлендірген», теңіздері мен өзендері бар көк Марстың суреті салынған. Маск баяғы Mayflower кемелері сияқты жүз кісі таси алатын ғаламшараралық флотилияның көмегімен Марсты «басып алуды» армандайды. Тек жаңа қоныстанушылар ғарыш кемесіндегі орын үшін 500 мың доллар не одан да көп ақша төлеуі керек.

2002 жылы құрылған «SpaceX» ғарышқа әлі бірде-бір адамын ұшырған жоқ, тек келер жылы NASA ұшқышын «Falcon 9-бен» ғарыш стансасына жіберуді жоспарлап отыр. Қазір олар «Falcon Heavy» деп аталатын үлкенірек зымыран жасауда, бірақ оның өзі Марсқа адам апарарлықтай үлкен емес.

Маск қыркүйектің соңында Марсқа қатысты жоспарларының жай-жапсарымен бөлісті (бұдан бірер апта бұрын ғана «SpaceX-тың» тағы бір зымыраны ұшыру алаңында жарылған еді). Бірақ ол «SpaceX-тың» адамдарды Марста және оған баратын ұзақ жолда аман-сау сақтай алатын технологияларды дамытып, сынақтан өткізгенін айғақтайтын ештеңе айтпады. Соған қарамастан, өткен маусымда Маск «SpaceX-тың» 2024 жылы Марсқа алғашқы ғарышкерін жіберетінін жеткізді. «Олар 2025 жылы Марсқа сәтімен қонады», – деп үміттенеді Маск.

«Олар атақ-даңққа бөленеді, – дейді Маск. – Бірақ тарихи кең ауқымда қарасақ, ондаған мың, бәлкім жүздеген мың адамды, соңынан тіпті миллиондаған тонна жүкті тасымалдай алуымыз керек». Оның ойынша, қайта қолдануға болатын зымырандар сонысымен құнды.

1969 жылы Ай бетіне адам қондырған, ал Марсты роботтардың көмегімен одан бұрын-ақ зерттей бастаған NASA да қызыл ғаламшарға ғарышкер ұшырамыз деп отыр, бірақ олар «тек 2030 жылдан кейін және тек оның орбитасына ғана кісі жібере аламыз» дейді. Оның бетіне үлкен ғарыш кемелерін қондыру сияқты қауіпті әрі күрделі жоба – одан кейінгі жылдардың, яғни алыс болашақтың еншісінде. NASA Марста қала тұрғызу жайында мүлде айтпайды.

«Адамзаттың ғарышқа баратын тағы бір жері болса, ол – Марс» деген байламмен барша жұрт келіседі. Тек «оны орындаудың қаншалық мүмкіндігі бар?» дегенге көзқарастар әркелкі. NASA-ның ғылыми жобаларының басшысы қызметінен өткен көктемде зейнетке шыққан, Hubble ғарыш телескобын үш рет жөндеген аңызға айналған ғарышкер Джон Грансфелдтың 1992 жылы өзінің Марсқа бара алатын ұшқыштар санатынан екенін айтқаны есте. Бір жағынан «Марстық» деп аталатын бестселлер кітап пен блокбастер фильмнің арқасында NASA-ның 14 орын бөлінген оқу грантына 18 300 өтініш түскен. Грансфилд адамның Марсқа ұшқанын әлі де қалайды, бірақ ол NASA басшысы, ғарышкер Чарльз Болденға бірнеше жыл бұрын берген кеңесін өзгерткен жоқ. Жаңа қызметкерлер алып жатқан кезде ол: «Бұл балаларға «сендер Марсқа барасыңдар» деп айтпа, себебі бұлардың еш үміті жоқ. Бұлар ол кезде 60-70 жаста болады», – деген еді.

NASA Марсқа баратын өз зымыранын жасаумен қоса, жолаушылардың бабы жөнінен өте көп шаруа тындырды. Мәселен, ғарыш стансасында 340 күн болған астронавт Скотт Келли мен ресейлік ғарышкер Михаил Корниенко биыл наурызда жерге оралды. «Бір жылдық миссиясы» кезінде олар ғарышта ұзақ болудың адам ағзасы мен ақыл-есіне әсерін бақылап, өздері сынақтан өтіп келді (ал Марсқа барып, қайту шамамен үш жыл уақыт алады). Атмосфераға қайта ене бастағанда олар мінген «Союз» капсуласы кесек тасты жолға түскен көліктей селкілдеп, ыстықтан қорғайтын қалқаннан шыққан жұдырықтай оттар иллюминатордың жанынан зуылдап ұшып жатыпты. Екеуі мүлде тыныс ала алмай қалған: бір жыл салмақсыздықта болып келген олардың өкпесі мен кеуде бұлшықеттері өте әлсіз болған. Қазақ жеріне қонғаннан кейін олар жүре алмай қалды. Құлап, сүйектерін сындырып алмауы үшін жердегі экипаж оларды капсуладан көтеріп шығарды. Мамыр айында Келли аяқтарының әлі ауыратынын айтқан.

 

марс-7

Голливуд киноларында салмақсыздық қызық құбылыс болып суреттеледі. Ғарыш стансасындағы Келли және Корниенкомен болған сұхбаттар оны басқа қырынан суреттейді. Денедегі сұйықтық сыртқа шықпайтындықтан, олардың беттері ісіп кеткен. Алға созылып, қорқынышты «зомби қалпына» түсіп қалмас үшін олар үнемі қолдарын кеуде тұсына қиыстырып ұстап жүреді. Ғарышкерлер өздерін сорғыш дәретханаға байлап тастайды, ал Корниенконың айтуынша, душ болмағандықтан, олар бір жыл бойы денелерін сулы қағазбен сүртіп жүрген. Жерге дейінгі қашықтық 400 емес, миллиондаған шақырым, қайта бұрылуға, сырттан көмек алуға мүмкіндік болмайтын аса қауіпті жолда адам ағзасы нендей күйде болатынын ешкім білмейді. NASA-ның Хьюстондағы Джонсон ғарыш орталығының Адамды зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Дженифер Фогарти: «Олар онда ауру болып жетеді», – дейді.

Тартылыс күші жоқ жерде сүйек те мүжіле береді: адам айына сүйек салмағының бір пайызын жоғалтады деген сөз бар. Белсенді жаттығудың көмегі бар, бірақ ғарыш стансасында қолданылатын үлкен спорттық құралдар Марс миссиясына пайдаланатындай емес, тым ауыр. Миына көп су жиналатындықтан және көз алмасына түсетін қысымнан кей ғарышкерлердің көздері қатты ауырған. Ғарышкерлер Марсқа барғанда жанары бұлдырап, сүйектері әлжуаз болса және түсе сала аяқтарын сындырып алса – ең ауыр азап сол болмақ. Теория тұрғысынан қарасақ, ғарыш кемесін тезірек айналдырса және тартылыс күшін ортадан тебу күшімен алмастырса жағдай жақсаруы мүмкін. Бірақ NASA ғалымдары онсыз да ауыр миссияны одан әрі күрделендіргісі келмейді.

Тағы бір қауіп – радиация. Ғарыш стансасындағы астронавтарды Жердің магниттік өрісі қорғайды. Ал Марсқа баратын жолда оларға күннің жарқылы мен ғаламның түкпір-түкпірінен жарық жылдамдығымен таралатын ғарыш сәулелері зиянын тигізеді. Әсіресе, соңғысы ағзаның ДНҚ-сын және ми жасушаларын бүлдіруі мүмкін. Демек, Марсқа жеткен ғарышкер аздап мисыздау, жанары солғындау әрі сүйектері әлсіздеу болып түседі. Қоршаған ортаның модулін жасап, судың қалың қабатымен, тіпті топырақта өскен өсімдіктермен қаптаса, бұлар жартылай да болса радиациядан қорғар қалқан рөлін атқарар еді. Бірақ әзірге бұл мәселені шешетіндей еш белгі жоқ.

Тіпті ғарышкерлерді ауыз сумен және таза ауамен қамтамасыз етудің өзі – үлкен мәселе. Бірде мен Джонсон ғарыш орталығынан ғарыш стансасының операцияларды интеграциялау менеджері Кенни Тоддты жолықтырдым. Ол шаршаңқы көрінді. Таң атып кеткен уақыт, ал ол болса елеусіздеу болғанмен маңызды жүк ұшырылымын бақылап түні бойы отырыпты. Біз басқа нәрселерді сөз етіп отырғанда оның үстелінде тұрған дыбыс күшейткіштен станса мен миссияны басқару оралығының арасындағы әңгіме саңқылдап естіліп тұрды.

Ғарыш стансасындағы судың бір бөлігі несеп пен терді қайта тазалап, өңдеу жолымен алынады. Бірақ ғарышкерлердің сүйектері мүжіліп жатқандықтан, сүзгілер кальциймен бітеліп қалуы мүмкін, ал суға кейде микроб түсіп кетеді. «Несеппен жұмыс істеу асқан кірпияздықты талап етеді», – деді Тодд. Ауадағы көмірқышқыл газын жойып отыратын құрылғы да ғарыш стансасындағы басқа аппараттар сияқты жиі істен шығады. Жердің сыртқы орбитасына жақын жерде бұл – онша үлкен мәселе емес, NASA қосалқы бөлшектер жібере алады. Ал Марсқа баратын ғарыш кемесі тек өзі апара алатын заттарды ғана алады. «Тіршілікті қамтамасыз ететін құралдардың барлығы қазіргіден әлдеқайда сенімді, мүлде бұзылмайтын болуы керек», – дейді Тодд.

Суға толы ыдыстар астронавтарды тек радиациядан қорғап қоймай, олардың өсімдік өсіруіне, құнарлы тағам жеуіне септігін тигізеді. NASA қаржыландыратын Orbitec ұйымының қызметкері Боб Морроу дәл сондай жағдайда өсірілген салат жапырағын көрсетіп тұр.

Суға толы ыдыстар астронавтарды тек радиациядан қорғап қоймай, олардың өсімдік өсіруіне, құнарлы тағам жеуіне септігін тигізеді. NASA қаржыландыратын Orbitec ұйымының қызметкері Боб Морроу дәл сондай жағдайда өсірілген салат жапырағын көрсетіп тұр.

ФОТОЛАР: РОБЕРТ КЛАРК (СОЛ ЖАҚТА); ЧАРЛЬЗ ЛИМОЛИ, КАЛИФОРНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ (ИРВИН) РАДИАЦИЯЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (ТЫШҚАН МИЫ); ФИЛЛИП ТОЛЕДАНО

Бұл сөзіне қарап оны Марсқа адам жібергісі келмейді деп ойлап қалмаңыз. Ол ертең азанда-ақ ұшып шығуды қалайтын қиялшылдарды жазғырмайды. «Бірдеңеден бастау керек. Армандаудан бастау қажет. Бір күні соның кейбіреуі орындалуы мүмкін», – дейді Тодд. Демек, әлі көп жайттың басын ашу керек.

Бұған адам психологиясы сияқты күрделі мәселелер де жатады. «Робот миссияларымен көп нәрсе тындырдық, аппараттық тұрғыдан барлығы шешілген тәрізді», – дейді Фогарти. Енді біз осы топқа өзін білетін әрі сезінетін жеке тұлғаларды қосқалы тұрмыз. Олардың қаншалық тәуекелге барып тұрғанын түсіндік пе, әрі қажеттінің бәрімен қамтамасыз ете алдық па?»

NASA Жерде Марсқа балама миссиялар ашу арқылы бұл мәселемен айналысып жатыр. Джонсон ғарыш орталығында сондайлардың бірінде болдым. Терезесі жоқ, үңгір тәрізді қоймада сырты дыбыс өткізбейтін материалмен қапталған, «КІРУГЕ БОЛМАЙДЫ» деген жазуы бар, үш қабатты ғимарат тұр екен. Алыс әрі қауіпті жолға әдейілеп дайындаған ғарыш стансасына ұқсайды. Ішінде сыртқы әлемнен тұтастай оқшаулаған төрт ерікті бір ай бойы қамалып жатыр. Әр күні үшін оларға 160 доллар төленеді. Бірер адым жерде тұрған «ұшуларды бақылау орталығының» ғалымдары ішке орнатылған 13 камераның көмегімен олардың жеке және топ болып жасаған әр қадамын бақылап отыр.

Халықаралық ғарыш стансасында алты ай болып келген ғарышкер Сергей Волков «Жұлдызды қалашықта» түрлі физикалық сынақтан өтіп жатыр. Ғарышта ұзақ уақыт болу ағзаға кері әсерін тигізеді. Ал Марсқа жету үшін ғана жеті ай уақыт керек.

Халықаралық ғарыш стансасында алты ай болып келген ғарышкер Сергей Волков «Жұлдызды қалашықта» түрлі физикалық сынақтан өтіп жатыр. Ғарышта ұзақ уақыт болу ағзаға кері әсерін тигізеді. Ал Марсқа жету үшін ғана жеті ай уақыт керек.

Жердің магниттік қорғаныш қабатынан шығып кеткен астронавтар ғарыш сәулесінен зардап шегуі мүмкін. Ғалымдар дені сау (сол) және радияцияға ұшыраған тышқан миын (оң) салыстырып, мынадай қорытындыға келді: екінші тышқан миының маңдай бөлігінде жүйке жасушасының тармақтары (жасыл) мен байланыстары (қызыл) аз болып шықты. Мұндай радияцияға тап болғандар сылбыр қимылдап, жады нашарлайды. «Бұл – Марсты зерттеушілер үшін жағымсыз жаңалық», – деді Калифорния университетінің (Ирвин) зерттеушісі Чарльз Лимоли.

Жердің магниттік қорғаныш қабатынан шығып кеткен астронавтар ғарыш сәулесінен зардап шегуі мүмкін. Ғалымдар дені сау (сол) және радияцияға ұшыраған тышқан миын (оң) салыстырып, мынадай қорытындыға келді: екінші тышқан миының маңдай бөлігінде жүйке жасушасының тармақтары (жасыл) мен байланыстары (қызыл) аз болып шықты. Мұндай радияцияға тап болғандар сылбыр қимылдап, жады нашарлайды. «Бұл – Марсты зерттеушілер үшін жағымсыз жаңалық», – деді Калифорния университетінің (Ирвин) зерттеушісі Чарльз Лимоли.

Бұл әрекеттің өз кемшіліктері де бар. «Біз, әрине, толықтай салмақсыздық жасай алмаймыз», – дейді жоба менеджері Лиза Спенс. Бұл ғарышкерлер кәдімгі әжетхана мен душты қолданады. Бірақ Спенс пен оның әріптестері құрылғыны шынайы өмірдегіге мейлінше жақындатуға тырысқан. Тап-тар ауа шлюзінде қысылған екі еріктінің виртуалды көзәйнектерін тағып, ғарыштағыдай қадам басқанына қараған біз олар естімесе де сыбырлап сөйлесе бастадық. Нағыз алай-дүлей басталып, жер жаңғыртып күн күркіреді.

«Марсқа ұшу миссиясына ұзақ сапар кезінде оқшаулануға, зерігуге шыдас беретін, шамадан тыс қимыл-қозғалысқа төзімді адамдар керек болады», – дейді сарапшылар. Психикасы орнықты, әлеуметтік дағдысы қалыптасқан жан болғаны жөн. Бұл ерекшеліктер «SpaceX-тың» 500 мың доллар төлеу деген критериімен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. «Біз сабырлы адамдарды таңдауға тырысамыз. Сонда да кикілжіңдер болып тұрады», – деді Маноадағы Гавай университетінің зерттеушісі Ким Бинстед. Ол NASA қаржыландыратын осы тәрізді басқа балама миссияларға басшылық жасайды. Сондайлардың бірінде алты ерікті жанартаудың бөктерінде бір жыл бойы Марстағы өмір жағдайында тіршілік етеді. Олар сыртқа тек скафандр киіп шыға алады.

Алайда Жер бетінде өткізілетін эксперименттердің ешқайсысы миллиондаған шақырым қашықтықтағы шағын ғарыш кемесіне қамалғандағыдай әсер бермейді. NASA-ның ғарышқа адам ұшыру бойынша бас маманы Уильям Герстенмайер ғарыш стансасындағы астронавтар туралы тағы бір жайтты айтты. «Олар туиттерде туған жерлерінің суреттерін жиі береді. Колледждегі футбол алаңқайларының суреттерін түсіреді. Олардың бойында Жермен өте тығыз байланыс бар», – деді ол.

Мұны Корниенко да сезінген. «Түсінсеңіз, бұл тіпті сағынышқа да келмейді. Бұл – өзің тұратын пәтерді, үйіңді, отбасыңды сағынатындай басқа бір қалаға жұмыс сапары емес. Мұнда Жерді тұтасымен сағынасың. Бұл – мүлде өзгеше сезім. Нағыз жасыл желектің, орманның, жаз бен қыстың, қардың жоқтығы қинайды», – деді ол.

«SpaceX» зымыран тасығышын зор мақтанышпен қондырғаннан алты ай өткен соң, маусым айында NASA Ютаның солтүстігіндегі қыратта өз зымыранын сынақтан өткізді. Қатты отынмен ұшатын бұл зымыран тасығыш қысқаша ғана «зымыран» деп аталатын, күндердің бір күнінде адамды алыс ғарышқа шығара алатын Ғарышқа ұшыру жүйесінің құрамдас бір бөлігі болмақ. Мыңдаған жұрт екі шақырымдай қашықтықтан шөл даланың ашық аспанына телміре қарап тұрғанда жүргізуші кері қарай санауын бастады. «Нөл» деген кезде жерге мықтап бекітіліп, қырынан жатқан зымыран тасығыш ышқына оталды. Жүргізуші мұның NASA-ның «Марсқа саяхат» жобасының бір бөлігі екенін ескертті. Жалын екі минуттай жарқылдап тұрды да, артынша алып көк түтін әуеге көтерілді, халық қуана қошамет көрсетті.

NASA-ның ас мәзірі көп өзгерді. Банан пуддингі (1), ванильден жасалған таңғы ас (2) , спагетти (3) мен креветка коктейлі (4) бірін-бірі алмастырып отырды. Ал тамақсүйгіштер Марс сапарына аттанбас бұрын мықтап ойланып алғаны жөн.

NASA-ның ас мәзірі көп өзгерді. Банан пуддингі (1), ванильден жасалған таңғы ас (2) , спагетти (3) мен креветка коктейлі (4) бірін-бірі алмастырып отырды. Ал тамақсүйгіштер Марс сапарына аттанбас бұрын мықтап ойланып алғаны жөн.

– Бүгін қандай керемет күн болды! – деді Герстанмайер соңынан өткізілген баспасөз мәслихаты кезінде. Зымыран мүлде ұшырылмаса да, сынақ шынымен өте тамаша өтті.

«Біз бұрын-соңды ешкім, ешқашан, еш жерде жетпеген жетістікке жетіп, америкалық ғарышкерді Марсқа ұшыруға тақау тұрмыз», – деді NASA әкімшісінің орынбасары Дава Ньюман өткен сәуір айында жазған блогында. NASA-ға сыни көзбен қарайтындардың пікірі басқа. «Saturn V» Ай зымыранын құрастырушы Вернер фон Браунның да олай ойламасы анық. 1969 жылы Айға алғаш адам қондырғаннан кейінгі эйфория екпінімен фон Браун президент Ричард Никсонға 1982 жылы Марсқа адам жіберу жоспарын жайып салады. Ал Никсон NASA-ға оның орнына ғарыш шаттлын құрастыруды тапсырады.

Содан бері Жердің төменгі орбитасын бұзып шығу жөніндегі ұлы жоспарлар келіп-кетіп жатты. NASA-да ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан Герстенмайер саясаткерлердің талай құбылмалы стратегияларының куәсі болған. Алдымен одан ғарышкерлерді Айға қайта ұшыруды сұрады, содан соң Айға емес, астероидқа ұшыр деді, кейіннен астероидты «ұстап», ғарышкерлер Ай орбитасындағы астероидқа барсын деген тапсырма берілді. NASA туралы ақпараттарда «ғарышта жоғалып кетті» деген сөз клишеге айналды. Ал Герст әдеттегі сабырлы қалпынан таймайды. Арық айтып, семіз шыққанды ұнататын ұстамды инженер Масктың қарсы нұсқасы сияқты. Ол Марсқа баяу, бірақ әдіс-тәсілмен, табандап жетуді көздейді.

Orion экипаж модулі – NASA-ның «Марсқа саяхат» жобасының бір бөлігі. Шағын болғандықтан, ол астронавтарды арғы бетке апара алмайды. Ол ғарышта дизайны әлі жасалмаған Табиғи орта модулімен түйісуі керек. Техник Локхид Мартин ұшыру кезіндегі дыбыс баламасын қайталау үшін 1510 күшейткіш дайындап жатыр.

Orion экипаж модулі – NASA-ның «Марсқа саяхат» жобасының бір бөлігі. Шағын болғандықтан, ол астронавтарды арғы бетке апара алмайды. Ол ғарышта дизайны әлі жасалмаған Табиғи орта модулімен түйісуі керек. Техник Локхид Мартин ұшыру кезіндегі дыбыс баламасын қайталау үшін 1510 күшейткіш дайындап жатыр.

ФОТО: МАРК ТИЕССЕН, NGM ҚЫЗМЕТКЕРІ. LOCKHEED MARTIN ҒАРЫШ ЖҮЙЕЛЕРІ КОМПАНИЯСЫНДА ТҮСІРІЛГЕН (ЛИТТЛТОН, КОЛОРАДО).

Біреулер мұны өгізаяң деп сынайды. «NASAның стратегиясы бар десек, «стратегия» сөзін қорлаған боламыз», – деді Марсқа қоныстануды «біздің буынның ұлы мұраты» деп есептейтін «Марс қауымдастығының» негізін қалаушы Роберт Зубрин. Президент Джордж У.Буштың тұсында NASA-ның әкімшісі болған Майкл Гриффиннің айтуынша, миссия қанша ауыр дегенмен, «Аполлон» бағдарламасының «Манхэттен» жобасынан қиын емес: «1961 жылы президент Кеннеди Айға ұшамыз деп мақсат қойғандағы мүмкіндігімізбен салыстырғанда технологиялық тұрғыда Марсқа жетуге анағұрлым жақын тұрмыз. Өте жақынбыз».

Алайда Марс сапары үшін ақша төлеуге дәл солай дайын емеспіз. Алдыңғы жоспарларды құрдымға кетірген де – сол шығындар. «Аполлонның» Айға қонуына бүгінгі бағаммен 140 миллиард доллар жұмсалған. Сарапшылардың болжауынша, Марсқа саяхаттың нақты құны ең кем дегенде сол шамада болады. Президент Джордж Буштың кезінде ұсынылған толық жоспардың құны – 450 миллиард доллар. Ал NASA-ның адамды ғарышқа ұшыру бағдарламаларының жылдық жалпы бюджеті тек 9 миллиард доллар шамасында. 2040 жылға дейін Марсқа жету үшін бұдан әлдеқайда көп қаражат және Кеннеди сияқты табанды президент керек. Кеңес одағымен арадағы Ай үшін бәсеке кезінде NASA федералдық бюджеттің 4 пайыздайын алып отырған, ал қазір тек 0,5 пайызын қанағат тұтады. Егер, айталық Қытаймен арада Марс үшін бәсеке басталса, басқаша болар ма еді, бірақ Қытай әзірге Марсқа жетуге асықпайтын тәрізді.

NASA-ның Вирджиниядағы «Ленджли» зерттеу орталығы. Хауызға түсірілген «Orion» модулінде манекендерге сынақ жүргізілуде. «Аполлон» модульдері сияқты «Orion» да мұхитқа құлатылады. Бір күні ол ғарышкерлерді Айдың маңына апаруы мүмкін, бірақ бұл 2021 жылға дейін жүзеге аспайды. ФОТО: ДЭВИД БОУМАН, NASA

NASA-ның Вирджиниядағы «Ленджли» зерттеу орталығы. Хауызға түсірілген «Orion» модулінде манекендерге сынақ жүргізілуде. «Аполлон» модульдері сияқты «Orion» да мұхитқа құлатылады. Бір күні ол ғарышкерлерді Айдың маңына апаруы мүмкін, бірақ бұл 2021 жылға дейін жүзеге аспайды.
ФОТО: ДЭВИД БОУМАН, NASA

Марсқа жету тек технология мен қаражатқа байланысты емес. Мұнда тәуекел де сынға түспек.

Біздің Марсқа жету-жетпеуіміз тек технология мен қаражатқа тіреліп тұрған жоқ. Ол біздің қаншалық тәуекелге бас тіге алатынымызға да байланысты. Марсқа тез жетуді жақтайтындар NASA-ны тәуекелшіл емес деп сынайды. «NASA ғарышкерлер аман қайта ма, Марстан пана таба ала ма, деп тым сенімсіздік танытпағанда, қызыл ғаламшарға адамдар анағұрлым ертерек аттанған олар еді» дейді олар.

Герстенмайердің Ютадағы баспасөз мәслихаты кезінде 49 жастағы жергілікті журналист орнынан тұрып, «адамның Марсқа жеткенін көре аламын ба?» – деп сұрады.

«Иә», – деді Герстенмайер. Сосын біраз ойланып отырды да: «Адам дегеніміз дұрыс емес шығар. Адамзат баласының жеткенін көресіз», – деп қосты.

Герстенмайер неге 2040 жылға дейін уақыт керек екенін түсіндірді. NASA шалғай ғарышқа қайтып оралып, Айдың айналасындағы жақын нүктелерге, яғни, «Сынақ аймағына» миссиялар жіберуі керек. Соның арқасында 2030 жылға қарай Марстың айналасындағы орбитаға ғарышкер ұшыруға мүмкіндік болады. «Экипажды [Марстың] бетіне түсірудің қиындықтарын ойласақ, бұл біз атқаратын шаруаны одан сайын күрделендіре түседі. 2030 жылдың межесінен асырып айтып отырғаным да содан», – деді Герстенмайер бұрынырақта.

марс-12

Осы жерде «SpaceX» көмекке келе алады. Марс – ғарыш кемесін қондыру жағынан Аймен салыстырғанда анағұрлым қиын ғаламшар. Оның тартылыс күші қуаттырақ, ал атмосферасы ғарыш кемесін баяулату, біздің ұғымымыздағы тіршілікті сақтап тұру жағынан тым жұқа, қыздырып жіберу жағынан тым қалың. Марсқа жіберілген адамы жоқ зондтардың көбі қирап қалды. NASA салмағы бір тонна болатын Curiosity марсаяғын (Mars Rover – ағыл., марсаход – ор.) қондырды, бірақ адамдарды, олардың керек-жарақтарын алып жүретін кеменің көлемі үйдің үлкендігіндей, салмағы 20 тоннадай болуы керек. Жай парашют жарамайды, ол Rose Bowl сияқты үлкен болуы керек, әрі ол жылдам ашылмайды.

Қазіргі уақыттағы ең үміт күттірерлік шешім – «SpaceX» жасап жатқан дыбыстан да қатты ретропропульсия. «Falcon 9» зымыран тасығышы дыбыстан қатты жылдамдықпен Жер атмосферасының үстіңгі жұқа қабатына кіргенде дәл Марстағыдай ахуал болады. Былтырғы желтоқсандағы Канаверал мүйісіндегі жетістік пен одан кейінгі ашық теңіздегі кемеге қондырудан соң Марсқа адам жіберудің ықтималдығын көп жұрт айта бастады, бірақ оның сәтті болатынына еш кепілдік жоқ. «SpaceX» өз мәліметтерін NASA-ға берді.

SpaceX Кеннеди ғарыш орталығындағы 39A ұшыру айлағын жалға алған, бұл жерден «Аполлон 11-дің» ғарышкерлері Айға аттанған. Олар – әріптестер. Қазірдің өзінде «SpaceX» «Falcon 9» арқылы Dragon капсулаларымен ғарыш стансасына жабдықтар жеткізуде. Сәуірде Маск SpaceX-тің 2018 жылдың басында Марсқа ішінде адамы жоқ Dragon капсулаларын жіберетінін айтқан.

Марсқа адам жіберу үшін «SpaceX-қа» бұдан да көп көмек қажет. Құны 500 мың доллар тұратын билеттер шығындардың басым бөлігін жаба алмайды, олар NASA-ның адамдардың тіршілігін қамтамасыз етудегі ноу-хауын пайдаланады. Барар болса, олар Марсқа бірге аттанатын тәрізді. Олар қашан баруы мүмкін? Олар онда жеткен соң не істейді? Марста Антарктидадағы сияқты шағын зерттеу орталығын ашып, зерттеу жүргізіп отырған бірнеше ғалымды көзге елестету оңай да, ондағы қалаға мыңдаған адамның тұрақты түрде тұру үшін көшіп жатқанын елестету қиын.

NASA-ның Curiosity марсаяғы 2012 жылдан бері Марстың бетінде тіршілік болғанын дәлелдеумен келеді. Бұрынғы бас зерттеуші Джон Гротцингер оны «ең озық робот» деп атаған. Ол қуаттауды қажет етпейді, әрі жалғызсырамайды. Ол тіпті селфи де түсіре алады.

NASA-ның Curiosity марсаяғы 2012 жылдан бері Марстың бетінде тіршілік болғанын дәлелдеумен келеді. Бұрынғы бас зерттеуші Джон Гротцингер оны «ең озық робот» деп атаған. Ол қуаттауды қажет етпейді, әрі жалғызсырамайды. Ол тіпті селфи де түсіре алады.

«Марста тұрғысы келетін жандарға бір жазын, ең жақсысы, тіпті бір жылын Оңтүстік полюстегі стансада өткізуге кеңес беремін», – деді Антарктикада жұмыс істеген NASA ғалымы, Марс жөніндегі сарапшы Крис Маккин. «Жерді талқандап Марстан пана іздеу этикалық, техникалық тұрғыдан да ақылға қонымсыз, – дейді ол. – Жерді құрдымға жіберу – дұрыс таңдау емес.

Марсқа бір бағытта сапар шеккісі келетіндерге Михаил Корниенко ұзақ уақыт ғарыш стансасында тұруға кеңес береді. Биыл ғарыштан қайтып оралған соң ол жердегі экипаждың «Союз» капсуласының есігін ашқан сәтін еске алды. «Құлдилаудың бар қиындығынан соң даланың ауасы кабинаға кіргенде Оны қанша жұтсаң да тоймайсың», – деді ол.

«Мұндай мүмкіндік ешқашан болған емес», – деді 1998 жылы «Марс қауымдастығының» негізін қалаған кісі. Олар Марсқа адамды он жылдың ішінде жібермек болған. Бұл ұйымның Ютада өз зерттеу стансасы бар, онда экипаж Марсты еске түсіретін алқапта сынақтан өтеді. ФОТО: ФИЛЛИП ТОЛЕДАНО

«Мұндай мүмкіндік ешқашан болған емес», – деді 1998 жылы «Марс қауымдастығының» негізін қалаған кісі. Олар Марсқа адамды он жылдың ішінде жібермек болған. Бұл ұйымның Ютада өз зерттеу стансасы бар, онда экипаж Марсты еске түсіретін алқапта сынақтан өтеді.

ФОТО: ФИЛЛИП ТОЛЕДАНО