Отандық құрылыс саласының көшбасшысы саналатын BI Group компаниясы Қазақстанда тұңғыш рет бигвилдер тұрғызу концепциясын жүзеге асыруда. Қазір біз елорданың жүрегінде, әйгілі EXPO көрмесі аумағының жанында орналасқан NEXPO атты келешегі кемел бигвилл жайында айтып отырмыз.
Бигвилл жай ғана әдемі сөз емес
Мұндай жұп-жұмыр атау үлкен аумақты алып жатқан кешенді құрылысты білдіреді. Онда тұрғын үйлермен қоса барлық байланыс құрылғылары мен инженерлік желілер орнатылып, аумақ көгалдандырылады, сондай-ақ жақын маңға тұрғындарға керекті инфрақұрылым салынады. BI мамандары бөлек-бөлек бой көтеретін ретсіз құрылысты кешегінің дәстүрі санап, оның орнына заманауи қалаларды қалыптастыратын тиімді амалдар ұсынады.
Болашақтың қалаларындағы басты принцип – адамдарды бір-біріне жақындату. ХХ ғасырда біз жан-жаққа бытырап бөліндік, мұндай бейберекет урбанизация экологияға да едәуір зиян келтірді.
Қазіргі толқын қолайлы келешек жайында ойлануы керек. Олардың алдында қалаларды тоқтаусыз кеңейту мен табиғатты талқандауды доғарып, бүтін аумақтардың бет-бейнесін өзгерту міндеті тұр. Әсілі, табиғатты мегаполистер ішіне енгізу жолдарын іздеген жөн, ал ондағы шағын орамдар барлық маңызды инфрақұрылыммен қамтылса, адамдарға жұмысы не оқуына жаяу баруға, кешкісін таза ауада рақаттанып демалуға ыңғайлы жағдай жасалса игі.
Бүгінде Нұр-Сұлтандағы құрылыс қарқыны мықты, бірақ бос аумақтарды игеру ісі әр кез тиімді ойластырылып жатқан жоқ. Ал баспана мәселесі еш уақытта да өзектілігін жойған емес. Көңіл қуантатын, әр деталі жайлылық пен жылу беріп тұратын кең пәтерді, берекелі баспананы аңсайтын адамдар саны күннен-күнге өсуде.
BI компаниясы клиенттерге жүрек түкпіріндегі осындай ең ізгі армандарды орындауға арналған дайын кеңістіктер ұсынады. Бигвилл концепциясы ой көкжиегін кеңейтуге, тұрғындардың бақытты өмір сүруіне керекті барлық шартты ескеруге, сондай-ақ олардың ең батыл идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді. Елестетіп көріңізші: пәтер сатып алған соң, жұмыс, балалардың қауіпсіздігі, егде тартқан ата-анаңыз серуендейтін тыныш орын сияқты дүниелерге алаңдамаған қандай тамаша?! Ең қызығы, осының бәріне қазір қол жеткізуге болады.
Құрылысты көбейтеміз, ойымызды кеңейтеміз
«Біз жай орам емес, толыққанды әрі қызықты өмір сүруге арналған мекен саламыз»: BI Group компаниясының ұраны осындай. Әр жобаның өз концептісі, сипаты және ерекшелігі бар. Олар аулаларды сәбилерге де, аға буынға да бірдей қолайлы етіп абаттандыратын, еуропалық сәулет бюросы әзірлеген дизайн-кодқа ие. Жайлылық, қауіпсіздік және эстетиканың өзара үйлесімі, мұнымен қоса уақыттың арыны мен динамикасынан қалыспай на сәйкес келуі – жобалардың өзгелерден ерекшеленетін ең негізгі тұсы болса керек.
– Аумақты кешенді игеру концепциясын біз соңғы жылдары ғана дамыта бастадық, Қазақстанда мұның баламасы жоқ. Біз осыған ұқсас табысты жобалармен айналысқан шет мемлекеттердің тәжірибесіне сүйендік. Енді тұтас орамды құрайтын тұрғын үй кешендерінен бөлек, біз сол аумаққа инфрақұрылым да орнатамыз, яғни аллеялар, серуендеуге арналған жерлер, желекжолдар, әлеуметтік нысандар саламыз. Әр бигвилдің өз ерекшелігі бар. Өз ауданыңнан ұзамай-ақ толыққанды белсенді өмір сүріп, дамып, жұмыс істеп, отбасыңмен де демалуға болады, – дейді BI бренд-менеджері Ришат Шекиш.
Халықаралық EXPO-2017 көрмесінде еліміздің атын әйгілеген нысандардың жанындағы аумаққа құрылыс салу шаһар үшін ауадай қажет. Бұл жер елорда қонақтарының жиі келетін танымал орны болғанымен, біраз уақыт бойы елсіз, қу мекиен даладай көрініп тұратын. Тұрар Рысқұлов көшесінің бойымен, Қабанбай батыр мен Мәңгілік ел даңғылдары арасындағы 18 гектар аумақты алып жатқан NEXPO бигвилі осы атырапқа жан бітіргендей болды.
– Бұл маңда күш-қуат пен бизнестің, инновация мен жетістіктің асып-тасыған мөлшері шоғырланған. Оны алға жылжудан тайсалмайтын, мақсаты биік, табысты адамдар үшін бой көтерген болашақтың ауданы десек те болады. Өзіңіз қараңызшы, айналада қаншама маңызды мекемелер орналасқан: EXPO халықаралық көрме орталығы, Astana Hub, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Ұлттық банк пен Қазақстанның даму банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Назарбаев университеті және Astana IT University – бәрі-бәрі осында. Қаладағы ең ірі сауда және ойын-сауық орталығы Mega Silk Way де, беделді халықаралық іс-шаралар өтетін Конгресс-центр мен Hilton Astana да осы тұста, – дейді Nexpo жобасының бас инженері Саят Кисманов компьютер мониторында аумақ картасын парақтап отырып. – Қазіргі күні адамдар пәтер сатып аларда үй орналасқан ауданға, оның жалпы концепциясына назар аударады. Оларға жұмысқа немесе мектепке бару қаншалықты ұзақ, терезеден қандай көріністі тамашалайсың, демалуға, оңаша отырып тынығуға немесе достармен көңілді уақыт өткізуге қолайлы жағдай жасалған ба – бұлар өте маңызды. BI компаниясы барлық білім мен ресурсты клиенттің талап-тілегін орындауға жұмсау үшін өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзінің және өзгелердің тәжірибесінен үйрене түсуде.
– BI компаниясы клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаншалықты көңіл бөлетіні жайындағы әңгімені жалғастыра отырып, мен тіпті оны «клиент көңіліне қараған» компания дер едім. Біз үшін клиенттің пікірі аса маңызды, оны жай сөз деп қабылдамаймыз. Көңілі толмаған сатып алушының шағымы компанияның жоғары басшылығына еш кедергісіз жетеді және ешқашан түйіні шешілмеген күйі қалмайды, – дейді Ришат Шекиш сөзді жалғай кетіп. – Меніңше, бигвилл концепциясының тууы – енді көбірек құрылыс салып, кеңірек ойлап, халық пен қаланың мүддесіне толықтай жауап бере алатын компанияның заңды дамуы секілді. Бұл принцип негізі бұрын да қолданылып келген, бигвилді әбден жетілдірілген өнім десек болады.
Керектің бәрі – жаныңда
Болашағы зор бұл аудандағы тұрғын үйлер мен коммерциялық жайлар қарқынды өсіп келеді. Орамдарға ә дегеннен-ақ коммерциялық ұйымдар, банк және қаржы мекемелері, ІТ-компаниялар қоныстануда. Елорданың заманауи техникамен жабдықталған жетекші медициналық орталықтары да осында. Әнеу бір тұста Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы бітуге таяу. Мұнымен қоса, әлбетте, бигвилл әуежайдан келетін нұрсұлтандық қонақтарды алғашқылардың бірі болып қарсы алады. Сондықтан да артылған жауапкершілік өте жоғары.
– Танымал нысандармен көршілес орналасуы – бұл жобаның жалғыз ерекшелігі емес. Мәселен, мұнда қаланың ескі бөлігіндегідей бесқабатты панель үйлер мен сән-салтанатқа малынған жаңа ғимараттар қатар тұратын контраст жоқ. Бигвилдердің нобайы әзірленіп жатқанда-ақ бірыңғай концепция, стиль, түстер мен қасбеттердің қандай болатыны шешіледі. Әр шаршы метр жобаланып, ойластырылады. Өйткені бигвилл идеясы «керектің бәрі жаныңнан табылады» дегенді білдірмей ме?! – деп бөлісті ойын Саят Кисманов. – Аумақты көгалдандыру стандарттарға сәйкес іске асырылады, бұл мәселеде біз кәсіби дендрологтармен бірлесіп жұмыс істейміз. Шұғыл континентті климат жағдайларына бейімделген ағаштарды (мысалы, шырша, терек, қарағаш, т.б.) отырғызуға тырысамыз.
NEXPO бигвилінің мақсатты аудиториясы турасында еш күмән тумайды: ол даму мен табысқа жетуге ұмтылатын, іскер, мақсатшыл, асып-тасыған энергияға ие адамдарға арналған. Алайда мұнда өмір сүру барлық жанға да қолайлы болар.
– Мұнда, мәселен, Astana Hub-тың IT-маманы тұруы мүмкін. Мұндай жастардың дүниетанымы бөлек, олар уақыт үнемдеуді, тиімділікті, прагматизмді қолдайды. Бұл аумақтан прогрестің иісі аңқиды! – деп пайымдайды Ришат Шекиш. – Елорда – жұмыссыздардың емес, іскер адамдардың қаласы. Мұнда тынбай еңбек ету керек және өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырып қана қоймай, мейлінше қала мен елдің дамуына үлес қосуға тырысқан жөн. Біздің арманымыз – бұл жерге Қазақстанды кез келген салада алдыңғы орындарға жетелейтін адамдардың басын қосу. Табысты адамдар өздері секілді адамдарды тартпай ма?!
Баршаға қолайлы орта
NEXPO бигвилі жеті орамнан тұрады, оның әрқайсысын атауынан-ақ тануға болады. Nexpo City – жаяу жүргіншілерге арналған өз променады, workout және балалар алаңдары бар қалашық тәріздес. Бүгінде алғашқы екі мұнарадағы пәтерлердің кілті иелеріне табысталды.
Құрылыс барысында кешенге нағыз қалалық силуэт беретін көзге жағымды қоңыр-сұр түстегі заманауи қасбеттер, ал өрнектеріне табиғи, сапалы материалдар пайдаланылады. Мұндағы пәтерлер шағын болғандықтан, көп адамға қолжетімді: мысалы, толыққанды үш бөлмелі пәтердің ауданы шамамен 70 шаршы метрді құрайды. Бірақ үш метрлік төбелер мен үлкейтілген терезелер кеңістікті кеңейтіп, еркіндік сезімін сыйлайды.
Nexpo Union орамы – бұлардан гөрі үлкенірек пәтерлері бар бизнес-класты жоба. Бірінші кезектің құрылысы 2021 жылғы 3-тоқсанда басталды.
Nexpo Union алты мұнарасы арасындағы ерекше сәулет идеяларынан бөлек, орам тұрғындарының басын біріктіретін заманауи Playhub салынады. Онда әртүрлі жасқа арналған, толықтай жабдықталған ойын алаңдары орналасып, балалар мен жасөспірімдердің тиімді уақыт өткізуіне жаңа жағдайлар жасайды.
Nexpo Classic – жап-жаңа аудандар мен көрікті орындардың арасына қоныс тепкен классиканың нағыз үлгісі. Классикалық эстетизм стиліндегі қасбеттер қолайлылық, сенімділік және құнттылыққа бағытталған заманауи сәулет идеяларымен көз сүйсіндірер үйлесім тапқан.
Жағымды табиғи түстерден тұратын үйлесімді гамма мен үйлердің әртүрлі қабаттылығы орамның бет-бейнесіне тұрақтылық пен көркемдік беріп тұрғандай. Ландшафтық дизайнның шедеврі ретінде өзара тамаша үйлесе кеткен ашық аспан астындағы атрибуттарды айтуға болады.
Мұнда өзіңді оңаша әрі қауіпсіз сезінесің. Орам ортасынан өтетін жаяу жүргіншілерге арналған әдемі променад бойындағы орындықтар, күркелер және тротуарлар сол жайлылықты толықтырып тұр.
Орамдардың дәл жанында оқушыларға үздік ғылыми әдістер бойынша сапалы білім беруге қажетті барлық жабдықпен қамтылған инновациялық мектеп бой көтереді.
– Біз өмір сүруге қолайлы орта жасап, бұл істі жан-жақты қарастырамыз. Мысалы, аулаларды барынша тыныш етуге тырысамыз, сондықтан барлық шулы ойын алаңдарын орам сыртына орналастырамыз, бірақ тым алысқа салмаймыз. Өйткені адамдар жұмыстан шаршап келіп, тыныш жерде тыныққысы келетінін түсінеміз. Сондайда аулада түрлі түсті балалар алаңы болып, онда балалар айқайлап доп қуып жүргенін елестетіп көріңізші, – дейді BI жобаларын дамыту жөніндегі менеджер Абылай Көшербай. – Біз осыдан аулақ болғымыз келеді. Барлық шулы алаңқайларды ойын хабтарына орналастырамыз, аулаға тек сәбилерге арналған құмсалғыштарды қалдырамыз. Аулада миды шаршатпайтын бейтарап түстерді қолданамыз. Әлбетте, көгалдандыруды да ұмытпаймыз: қылқанжапырақты ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырғызамыз. Яғни балаларға ғана емес, ересектерге де, қартаң кісілерге де көңіл бөлеміз, олар Кеңес дәуіріндегідей есік алдында домино ойнап, бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып отырса қандай тамаша?! Шахмат үстелдерін қоямыз, болмашы дүние болғанымен, ол да клиентке ұнайтынына сенімдіміз.
Жете ойластырылған ландшафтық дизайн аулаларға тыныштық пен мызғымас жайлылық сыйлауы керек. Айналадағы ағаштар көз қуантса, ыңғайлы әрі жеңіл орындықтар мен күркелер аулалардың сұлулығынан ләззат алуға мүмкіндік береді.
Интерьері эстетикалық қуаныш сыйлайтын, айрықша өрнектелген, таңдай қақтырар аспашамдар мен көркем картиналар ілінген кең холдар тұрғындарды табалдырықтан-ақ таңғалдырады. Холл дегеніміз – үйдің «бет-бейнесі», оған қарап алғашқы әсер қалыптасады. Кең вестибюль, түсінікті навигация, көзге жайлы жарық, өтпелі подъезд, арба тұратын бөлме және сапалы сыртқы есіктер барлық адам үшін жайлы атмосфера туғызады.
Nexpo орамдары – тұрғындардың қауіпсіздігіне деген мұқият көзқарас пен сенімділік кепілі. Электронды құлыптар да қосымша жайлылық береді. Арнайы басқару жүйесінің көмегімен пәтерге саусақ ізі, қолданушы картасы және пин-код арқылы кіруге болады. Құлыптардағы бұзудан қорғайтын функцияның арқасында шақырусыз қонақтар кіре алмайды. Құлыптың кілтін сайлап алу немесе оны қайқы кілтпен ашу мүмкін емес. Оған тіпті электр энергиясының тоқтап қалуы да әсер етпейді: ойда-жоқта жарық өшкен кезде есік құлыптаулы күйі қалады, өйткені бұл смарт-құрылғы адаптерге қосылатынынан бөлек, батареямен де жұмыс істейді.
Бигвилдердегі тағы бір таңғалдырар соны идея – IP-домофония, ол деректерді жіберу үшін цифрлық желіні пайдаланады. IP-домофонияның арқасында қонақты күтіп алып, оны қашықтан отырып шығарып салып қана қоймай, үйге келетін қонақтарды 24/7 режимде жазып отыруға болады.
Күзетілетін және бейнекамерамен жабдықталған кеңістік бақытты өмірдің картинасын толықтыра түседі. BI Group үйлері – өзіңізді толыққанды қауіпсіздікте сезінетін жер.
– Пәтерлер негізгі әрлеу кезеңінде беріледі, бұл – клиенттер үшін айтарлықтай бонус, өйткені жөндеу жұмыстарына азырақ ақша мен күш-қуат кетеді. Сондай-ақ біздің компания бөлек ақыға Smart Remont қызметін ұсынады, онда пәтеріңізді толықтай әрлеп береді. Сайттағы конструктор тиісті жөндеу дизайнын, ванна бөлмесіне жапсырар плитканы, бөлмеаралық есіктерді, сантехниканы, т.б. таңдауға мүмкіндік береді. Материал қарауға, сатып алуға, әкелуге, жөндеу жұмысын жасайтын бригада іздеуге, мерзім мен сапаны қадағалауға уақыт шығындамаймыз. Бар болғаны, «Ақылды үй» жүйесін қосасыз да, пәтеріңізді смартфоныңыздан басқара бересіз, – дейді Абылай Көшербаев.
NEXPO бигвилінің миссиясы – болашақта тазалық, қауіпсіздік және жоғары сапаны қатар үйлестіретін қоғам мен айрықша аймақ құру. Жетік инфрақұрылым мен айрықша архитектураның арқасында елорданың бұл бұрышы заманауи тұрғын үй кешендерінің эталоны болады. Ал онда тұратын адамдар амбициялар мекенінің ажырамас бөлігіне айналады.
Толық ақпарат: nexpo.kz