10Қаз

Дәуірлер қойнауына саяхат

Maqsut Narikbayev University Жоғары гуманитарлық мектебі Қазақстан тарихының оқу бағдарламасына сәйкес студенттер үшін еліміздің Алтай өңіріне экскурсия өткізді. Мақсаты – студенттерге теориялық білім беріп қана қоймай, Отанымыздың тарихи жерлерін тікелей таныстыру.

Саяхат Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстанның тарихи-өлкетану мұражайынан басталды. Экскурсияға қатысушылар Ақбауырдың бұғы, арқар петроглифтерін өз көздерімен көріп, қола дәуірі мен жаңа темір дәуірінің қорымдарын зерттеді. Берел сақ қорғандарын аралау кезінде 2,5 мың жыл бұрын қолөнершілер жасаған күмістен құйылған үзеңгілер мен алтын бұйымдарды көріп, таңданыстарын жасыра алмады.

Экскурсия соңында студенттерге Берел қорығын ашқан тарих ғылымдарының докторы  Зейнолла Самашұлы дәріс оқып, қатысушылардың сан түрлі сауалына жауап берді.

Сондай-ақ профессор Максим Половцев жәдігерлер тиесілі дәуір мен олардың ерекшеліктері туралы интерактивті сабақ жүргізді және  студенттерді археологиялық қазба орындарымен таныстырды.

Бірінші курс студенттерінің айтуынша, тарихты оқып, тыңдаған қызық, ал көзбен көру әлдеқайда қызықтырақ. Сондықтан қола дәуірі, петроглифтер, темір дәуірі, шабандоздық, аң стилі сияқты тарихи кезеңдер студенттердің негізгі талқылау тақырыптарына айналды.   

Лепуда Мұқатаева,

Maqsut Narikbayev University-дің оқытушы профессоры