4Сәу

Елеңдеген еліктер

https://www.instagram.com/reel/Cb6pWJoAoo5/?utm_medium=share_sheet

– Күнгей Алатауында орналасқан «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағын сүт қоректілердің 51 түрі мекендейді. Жабайы жануарлардың санын, миграциялық жолдарын анықтап отыру үшін жыл сайын олардың топталатын жерлеріне ұлттық парк инспекторлары арнайы бейне-фототұзақтар орнатады. Бейнежазбада – 2022 жылы қаңтар-ақпан айында орнатылған осындай «тұзаққа» түскен еліктердің бір тобы, – дейді «Көлсай көлдері» МҰТП директоры Ержан Қалматаев.

Оның айтуынша, жалпы парк аумағында 380-ге жуық елік бар.

Бейнежазбаны «Көлсай көлдері» МҰТП ұсынды.

Фото: Ерик Каритс, Pixabay