28Шіл

Мұхит шары

Осында көрсетілген толығымен бір-бірімен өзара байланысты мұхиттар Жер қабатының 70% аумағын алып жатыр. Көп бөлігі су астында жатқан әлемнің ең биік тауы Мауна-Кеа болса, әзірге белгілі ең терең нүктесі Мариана шұңғымасы. Теңіз табанының көп бөлігі зерттелмеген. Оның 80%-дан астамы әлі де толығымен картаға түсірілуі керек. (Ескерту: Мақала National Geographic журналының архивінен ұсынылып отыр)

ЖЕР БЕДЕРІ МЕН БАТИМЕТРИЯ: ЭРИК НАЙТ   ДЕРЕККӨЗ: USGS; НАСА/JPL; GREENMARBLE

Бір бүтін мұхит
Мұхитты барынша бір бүтін қылып көрсету үшін құрлық бұрмаланып, Оңтүстік полюс проекцияның орталық бөлігі ретінде алынды.

Ең үлкен мұхит
Тынық мұхиты 178 800 000 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Бұл – барлық құрлық қосындысынан үлкен территория.

ҚАЛАЙ АҒАДЫ?

Ағыстар суды төрт басты мұхит бассейндерінің арасында шайқап, жылы және суық суды полюстер мен тропиктер арасында айналдырады. Өзара байланысты жүйе жылуды жұтып, алмастырады, ауа райы мен климатты реттейді және қоректік заттар мен газдарды ғаламшарға таратады.

Өзгерістер ағыны
Беткі ағыстарды, ең әуелі, жел тудырады, ал терең ағыстар температура мен тұздылығындағы ауытқу салдарынан болатын ауа тығыздығынан пайда болады.

TRANSVERSE AUGUST CONFORMAL PROJECTION
МЭТЬЮ В.ШУАСТИК, NGM

Конвейерлік таспа
Бұл үлгі ағыс қабаттарының әлемнің түкпір-түкпірін қалай шарлайтынын көрсетеді. Толық циклде судың бастапқы нүктесіне оралуына мың жыл керек.

Оңтүстік иірімі
«Батыс желдер ағысы» Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарын Антарктида­ның төңірегінде тоғыстырады. Кейбіреулер бұл төңіректегі суларды Оңтүстік мұхит деп атайды.

ДЕРЕККӨЗ: NOAA; USGS; NASA/JPL; UNEP-WCMC; ДЖОН М. ТУЛ, ВУДС ХОУЛЕНІҢ МҰХИТТАНУ ИНСТИТУТЫ; ДЖАНЕТ СПРИНТАЛЛ, СКРИПС МҰХИТТАНУ ИНСТИТУТЫ

Автор: МЭТЬЮ В.ШУАСТИК, АЙРИН БЕРМАН-ВЭЙПОРИС

Мақаланың толық нұсқасын журналымыздың 2021 жылғы мамырдағы санынан оқи аласыз.