15Ноя

Әлемді таңдандырған қазына

Әлбетте, әңгіме осыдан 100 жыл бұрын ашылған Тутанхамон перғауынның мазары туралы. National Geographic журналы қарашадағы санын өткен ғасырда әлемді дүр сілкінтіп, дүние жүзінің назарын ежелгі Мысырға аударған осы жаңалықтың деректі тарихына арнап отыр.

Енді Тутанхамон перғауынға қатысты талай аңызға арқау болған оқиғалар желісін  – мазар қалай табылғанынан бастап, патша мүрдесін жасырған табыттарды ашудан мумия кебінін шешуге дейінгі жұмыстар қалай жүргенін, баға жетпес мол қазына-мүлігі қалай тізімделгенін бір ғана дерек көзден –  National Geographic журналынан оқи аласыз. Көрнекі дәйектер, тарихи фотоқұжаттар сыр тұнған тарихты жаңғыртып, есте жоқ ежелгі заманның елесін көз алдыңызға әкеледі.

Тутанхамон мазарына ашып кірген кезде ондағы заттар осылай жинаулы тұрған
Патша мумиясына жету үшін бірінің ішіне бірі қойылған осынша табытты ашуға тура келген.

Журналымызға мына WhatsApp нөмірі +7 702 196 9493 арқылы жазылуға немесе керекті санын сатып алуға болады.