13Ақп

Құсбегі жастардың жарысы

Жетісу облысында жастар арасында «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған жарыста ең үздік көрсеткіштерге ие болған жеңімпаздар арнайы жүлделерге ие болды.

Бүркітшілер арасында Атырау облысынан келген Иманғали Абдулкәрімұлы чемпион атанды. Қаршыға салуда Алматы облысының өкілі Сейітжан Бексұлтан бас жүлдені иеленді. Ал ителгі салудан Түркістан облысынан келген Мүсәлім Салманға тең келер құсбегі болған жоқ.

Командалық есепте Түркістан облысының құсбегілері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль қанжығылап, көш бастады. Атырау және Алматы облысының өкілдері екінші және үшінші орынға орналасты.

Естеріңізге сала кетейік, шараға Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Абай, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының спортшылары қатысты.

Ақпарат және фото Қазақстан Республикасы Құсбегілік федерациясының Facebook-тегі парақшасынан алынды