16Мар

Әлемдегі ең әдемі мешіттер

Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар ораза, риясыз әрекеттер мен дұға ету арқылы Алламен берік қарым-қатынас орнатады. Газа қаласындағы Үлкен Газа мешітінде намаз оқып отырған осы палестиналық сияқты.
СУРЕТ: АЛИ ДЖАДАЛЛАХ, ANADOLU AGENCY/GETTY

Рамазан неліктен ислам мәдениетіндегі ең қасиетті ай?

Жаңа айдың тууы Рамазанның басталуын, тақуалық пен өзіне-өзі есеп беру уақытын білдіреді.

Жыл сайын бүкіл әлемдегі мұсылмандар Рамазанның ресми бірінші күнін, Ислам күнтізбесінің тоғызыншы айын және ислам мәдениетіндегі ең қасиетті айдың келуін білдіретін жаңа туған айды күтеді.

Рамазанның басталуы жыл сайын өзгеріп отырады, өйткені Ислам күнтізбесі Айдың фазаларына сәйкес келеді. Рамазанның басталуы мен аяқталуын Сауд Арабиясындағы айды бақылау комитеті анықтайды. Жаңа айды байқау қиын болуы мүмкін, өйткені ол өте күңгірт және оны шамамен 20 минут көруге болады. Егер ай тұманға немесе бұлтқа байланысты қарапайым көзге көрінбесе, оның аспанда екенін болжау үшін айдың есептеулері қолданылады. Биылғы жылы Рамазан 23 наурызда басталып, 21 сәуірде Ораза айт мерекесімен аяқталады.

Әлемдегі ең әдемі мешіттер

Қазақстанның Бас мешіті

Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның ең үлкен мешіті саналатын Астанадағы Бас мешіт 2022 жылы ашылды. Мұнда бір уақытта 200 000-нан астам адам құлшылық ете алады. Оның үлкен залындағы Құбыла қабырғасына алтын түспен Алланың 99 есімі жазылған.

СҰЛТАН АХМЕД МЕШІТІ (КӨК МЕШІТ)


СУРЕТ: КИТ АРНОЛЬД, GETTY IMAGES

XVII ғасырдың басында салынған Ыстанбұлдағы бұл мешіт оның интерьерін безендірген көгілдір тақтайшаларына байланысты жұрт аузында Көк мешіт аталып кеткен.

НАСЫР ӘЛ-МҮЛІК МЕШІТІ


СУРЕТ: РИЧАРД И’АНСОН, GETTY IMAGES

Мешіттер үшін әдеттен тыс көрінетін витраждар Иранның Шираздағы Насыр Әл-Мүлік мешітіндегі парсы кілемдерін калейдоскоп сынды жарықпен өрнектейді.

ИСТИКЛАЛ МЕШІТІ

СУРЕТ: ДАСРИЛ РОЗЗАНДИ, ANADOLU AGENCY/GETTY IMAGES

XX ғасырдың аяғында салынған кезде жергілікті мұсылмандар «тым араби» деп санаған Джакартаның Истиклал мешіті өзінің мұнарасы мен күмбезіне байланысты авангард ретінде танылды. Дәстүрлі Ява мешіттері үш қабатты төбесі бар көп деңгейілі құрылымға ие.

ДЖАМА МАСДЖИД МЕШІТІ

СУРЕТ: ЧЖЭН ХУАНСУН, СИНЬХУА / REDUX

Үндістандағы Джама мешітінің қасбеті көп бөлігі парсылық ықпалда болған Моғол империясына құрмет ретінде қызыл құмтас пен мәрмәрден салынған.

ШЕЙХ ЗАЙДТЫҢ ҮЛКЕН МЕШІТІ

СУРЕТ: ЛЮЦ ЯКЕЛЬ, LAIF / REDUX

Абу-Дабидегі Үлкен мешіт ауласы мен намаз залында 40 000-нан астам жамағатты сыйдырады. Ішінде Германиядан әкелінген, Swarovski кристалдарымен безендірілген аспалы шамның астына әлемдегі ең үлкен парсы кілемі жайылған.

СҰЛТАН ХАСАН МЕШІТІ

СУРЕТ: GETTY IMAGES

Каирде 300 жылға жуық мектеп әрі мешіт ретінде жұмыс істеген Сұлтан Хасан мешіті Ислам философиясын түсіндіретін сарапшылар үшін мешіт архетипі саналады.

ШАҺ МЕШІТІ

СУРЕТ: GETTY IMAGES

Иранның Исфахандағы Ұлы мешітінің ең танымал ерекшеліктерінің бірі – оның ислам өнері мен сәулетінің мыңжылға жуық тарихын көрсететін 10 ғасырдан астам уақыт бойы кеңеюі мен дамуы.

МАЛАЙЗИЯ ҰЛТТЫҚ МЕШІТІ

СУРЕТ: МАНАН ВАТСАЯНА, GETTY IMAGES

XX ғасырдың аяғында Куала-Лумпур астанасында салынған Малайзия ұлттық мешітінің төбесі ашылған қолшатырдың астыңғы жағы іспетті салынған.

ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ МЕШІТІ

СУРЕТ: БОННИ ДЖО МАУНТ, THE WASHINGTON POST / GETTY IMAGES

Дохадағы бұл мешіт Исламның бес парызын бейнелейтін шаһадат, намаз, зекет, ораза және қажылықты бейнелейтін бес тірекке тұрғызылған. Олардың әрқайсысында керемет каллиграфиялық үлгіде Құран аяттары ойып жазылған.

II ХАСАН МЕШІТІ

СУРЕТ: ВОЛЬФГАНГ КЕЛЕР, GETTY IMAGES

Эмпайр Стейт Билдинг Нью-Йорк үшін қандай көрікті болса, II Хасан мешітінің 213 метрге жуық әлемдегі ең биік мұнарасы Касабланка үшін сондай көрікті жер.

ИБН ТУЛУН МЕШІТІ

СУРЕТ: МИШЕЛЬ СЕТБУН, GETTY IMAGES

Мысырдағы жақсы сақталған мешіттердің бірі. Бұл керемет қызыл кірпіш кешенін 876 жылы Мысыр мен Сирияның түрік губернаторы салған.

СҮЛЕЙМЕНИЕ МЕШІТІ

СУРЕТ: NIMON_T, GETTY IMAGES

Ыстанбұлдық Сүлеймение мешіті сияқты Османлы мешіттер қаладағы тағы бір ірі туристік орын Айя София шіркеуіне әдейі еліктейді.

УАШИНГТОНДАҒЫ ИСЛАМ ОРТАЛЫҒЫ

СУРЕТ: GETTY IMAGES

Уашингтондағы Ислам орталығы әртүрлі стильдер мен Иран, Мысыр және Түркия сияқты мәдени ықпалдарды біріктіруімен танымал.

ШАҺ ФЕЙСАЛ МЕШІТІ

СУРЕТ: ШАХИД ХАН, ALAMY STOCK PHOTO

1970 жылдардың аяғында салынған Исламабадтағы ШаҺ Фейсал мешіті – мұсылман әлемінің әртүрлі конфессияларының барлық рәсімдерін қамтитын заманауи сүнниттік мешіт.

КАЙРУАНДАҒЫ ҰЛЫ МЕШІТ

СУРЕТ: РОН УАТТС, GETTY IMAGES

Солтүстік Африкадағы алғашқы ислам қаласы және мұсылмандар үшін ең қасиетті төрт қаланың бірі, Кайруан үштұғыр үлкен Кайруан мешітінің арқасында аяқталды.

Тунистегі бұл құрылыс – алғашқы мешіт болып саналатын Мединадағы Мұхаммед үйінің үлгісіндегі Ислам архитектурасы.

Рамазанның шығу тарихы

Ислам күнтізбесі айларының бірі – Рамазан ежелгі араб күнтізбелерінің де бөлігі болды. Рамазан атауы араб тіліндегі «ар-рамад» түбірінен шыққан, ол аптап ыстықты білдіреді. Мұсылмандар б.з. 610 жылы Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға ﷺ келіп, оған Исламның қасиетті кітабы Құранды түсірді деп санайды. Бұл аян, Ләйләтул Қадр немесе «Құдірет түні» Рамазан айында түскен деп есептеледі. Мұсылмандар осы айда Құран Кәрімнің түсуін атап өту үшін ораза ұстайды.

Құран 114 сүреден тұрады және Құдайдың немесе Алланың тікелей сөздері болып саналады. Хадистер немесе сахабалардың Мұхаммед пайғамбардың ойлары мен істері туралы әңгімелері Құранды толықтырады. Бәрі қосылып, исламның діни мәтіндерін құрайды.

«Ораза – бұл қалқан, сондықтан ораза ұстаған адам әдепсіз сөйлеу мен надан мінез-құлықтан аулақ болыу керек. Егер біреу оны қорласа немесе онымен ұрыса бастаса, ол: «Мен ораза ұстаймын. Мен ораза ұстаймын» деп жауап беру керек”. «САХИХ ӘЛ-БУХАРИ» кітабынан

Рамазан айын қалай өткізеді?

Рамазан айында мұсылмандар рухани өсуге және Алламен берік қарым-қатынас орнатуға тырысады. Олар мұны дұға ету және Құран оқу, өз әрекеттерін ниеттеніп әрі риясыз ету, өсек, өтірік пен төбелестен бас тарту арқылы жасайды.

Мұсылмандар Рамазан айында Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі жартас күмбезінің жанында намаз оқып жатыр.
МУАММАР АВАД СИНЬХУАНЫҢ СУРЕТІ, EYEVINE / REDUX

Бір ай ішінде күннің шығуынан күннің батуына дейін ораза ұстау барлық мұсылмандар үшін міндетті, тек науқастар, жүкті әйелдер, саяхаттаушылар, қарттар немесе етеккір кезінде босатылады. Ораза кезінде өткізіп алған күндерді жылдың қалған бөлігінде, барлығы бірден немесе әртүрлі уақытта бір-бір күннен өтеуге болады.

Ауыз ашар – бұл мұсылмандардың қауым мүшелерімен жиналып, бірге оразаларын ашу мүмкіндігі. Таңғы ас немесе сухур әдетте күннің бірінші намазы фаджрдың алдында таңғы сағат 4:00-де болады. Кешкі ас – ифтар, ақшам намазы (мағриб) оқылғаннан кейін басталуы мүмкін – әдетте шамамен 19:30. Мұхаммед пайғамбар оразасын құрма мен бір кесе сумен ашқандықтан, мұсылмандар құрманы сухурда да, ифтарда да жейді. Таяу Шығыста негізгі тағам саналатын құрма қоректік заттарға бай, оңай сіңіріледі және ұзақ күн ораза ұстағаннан кейін денені қантпен қамтамасыз етеді.

Рамазанның соңғы күнінен кейін мұсылмандар оның аяқталуына орай Ораза Айт мейрамын – «оразаны тоқтату мерекесін» атап өтеді. Ол таң атқанда жамағатпен намаз оқудан басталады. Осы үш күндік мерекеде жұрт дұға ету, тамақтану, сыйлықтар алмасу және қайтыс болған туыстарына құрмет көрсету үшін бас қосады. Айт намазына көптеп жиналады.

Ораза ұстаушылар биылғы дәстүрлі сухур мен ифтар жиындарына не жоспарлағанына қарамастан, көпғасырлық осы дәстүрдің рухы тақуалық пен өзіне өзі есеп беру уақыты ретінде өзгеріссіз қала береді.

Автор: Ислаһ Аттар

Қазақ тіліне аударған Әлия Құлахметова