21Нау

Неліктен күн мен түннің теңелуі көктем туғанын білдіреді? (видео)

Әр алты айда күн мен түннің теңелуі Жердегі тәулікті теңдей дерлік екіге бөледі. Мұның қалай болатынын және адамдар оны неге ежелден бері тойлайтынын біле жүріңіз.

Алты айда бір рет, наурызда және қыркүйекте тағы бір рет күн мен түннің теңелуі жердегі күнді екіге бөліп, бізге шамамен 12 сағат күндізгі жарық пен 12 сағаттық қараңғылық береді.

2023 жылдың 20 наурызында көктемгі күн мен түннің теңелу күні Солтүстік жарты шарда көктемнің келуін білдіреді. Содан кейін, 23 қыркүйекте табиғатта Солтүстіктегі күз мезгілінің келгенін білдіретін күзгі күн мен түннің теңелуі орын алады. Бұл даталар Оңтүстік жарты шарда кей жерлерде көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуіне ауыстырылған.

Күн мен түннің теңелу себебі неде?

Әдетте, біздің планета Күнді 23,5 градусқа қисайған осьте айналады, яғни жарты шарлар күннен көбірек жылу алатындай алмасады. Жердің орбитасы мен оның осінің көлбеуі жылына екі рет Күн Жердің экваторының дәл үстінде болатындай жағдайға келіп, планетаның жарық және қараңғы бөліктерін терминатор немесе ымырт аймағы деп аталатын, Солтүстік және Оңтүстік полюстер арқылы бөлетін сызық сызылады.

Терминатор планетаны қараңғы және жарық деп дәлме-дәл бөлмейді. Жер атмосферасы күн сәулесін 37 мильге (60 шақырым) бұрады, бұл жарты градусқа тең. Бұл дегеніңіз тіпті күн мен түн теңескен кезде де планетаның бір жартысына екіншісінен  сәл көбірек жарық түсетінін білдіреді.

Жер – күн мен түннің теңелуін бастан кешетін жалғыз планета емес, бұл құбылыс Күн жүйесіндегі әрбір планетада бар. Сатурн орбитасындағы  Кассини зонды 2009 жылы сақиналы планетада күн мен түннің теңелуін тіркеген. Жердегі сияқты Сатурндағы күн мен түн теңелуі әр алты айда болады, бірақ мұның Жердегі 15 жылға тең екені Кассини фотосессиясын ерекше оқиғаға айналдырды.

Күн мен түннің теңелуін тойлау

Ежелгі мәдениеттер мыңдаған жылдар бойы күн мен түннің теңелуін әртүрлі жолдармен бақылап келеді. Пирамидалар сияқты тұрғызылған ескерткіштерден бастап, күнтізбелер ретінде қызмет еткен тас ойларға, өз архитектурасына күнді кіріктірген шіркеулерге дейінгі өркениеттер күннің өтуін және жыл мезгілдерін үлкен дәлдікпен анықтайтын.

АҚШ-тың орталық батысындағы лакота тайпасы сияқты кейбір мәдениеттер бүгінде де күн мен түннің теңелуін тойлауды жалғастыруда. Лакота жерді аспанмен байланыстыру үшін көктемгі күн мен түннің теңесуі сәйкес келетін Қураған тал шоқжұлдызына орай қызыл талдан темекі жасайды. Олар бұл қасиетті темекіні ұзақ күндердің қай оралуына арналған рәсімде шегеді.

Англиядағы Стоунхенджде күн мен түннің теңелуін тойлайтын друидтер, пұтқа табынушылар мен барлық келушілер Күннің ежелгі тастардың үстінен шығуын көру үшін жиналады.

Автор: ЛОРИ КАТБЕРТ

Қазақ тіліне аударған Әлия Құлахметова