«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы орман өртінің екпіні тоқтатылып, таралу аймағы шектелді. Оны жоюға 904 адам, 205 техника, оның ішінде 10 тікұшақ пен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.Тікұшақтар арқылы әуеден шамамен 893 тонна су төгілді.
Бұған дейінгі мәлімет бойынша, Ауыл орманшылығының 156-кварталы мен Дмитриев орманшылығының 28-кварталының аумақтарында 2 өрт ошағы тіркелген. Жалын шамамен 3500 га аумақты шарпыды. Тығыз өскен дақылдар мен сортаң жерлер өрт сөндіру жұмысын біршама қиындатқан.
Дереккөз: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/561332?lang=kk