29Мам

Мыңжылдық тарихы бар түрік тағамдары

Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі өткен аптада «Түрік тағамдары апталығы» аясында мыңжылдық мәдениет пен дәстүрдің, тарихы терең аспаздық тәжірибенің жемісі – берекелі Түрік дастарқанын ұйымдастырды.  

Биылғы апталықта Хатай провинциясының тағамдары ұсынылды.

Түркияға тән өзіндік асханасымен ерекшеленетін қалалардың бірі саналатын Хатай гастрономия саласында ЮНЕСКО-ның шығармашыл қалалар желісіне кіреді. Мыңжылдық мәдениет пен қала қабылдаған сансыз өркениеттердің бірегей синтезі, үш ежелгі діннің бесігі ретінде пайда болған Хатай тағамдары өзінің ерекше таңғы асымен және 650-ден астам тағамдарымен ерекшеленеді.

Фото: Ерболат Шадрахов