Әлбетте, Қорғалжынның ең басты символы қызғылт қоқиқаз екені әмбеге аян. Осы құсты бір көру не суретке түсіру үшін ғана Қорғалжынға әлемнің әр түпкірінен орнитологтар, фотографтар мен қарапайым құс бақылаушылар келіп-кетіп жатады.
«Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығында құстың 365 түрі мекендейді. Соның 42-сі Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына», 27 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағы тізіміне енгізіліп, қорғауға алынған. Жыл құстарының ұшу жолындағы негізгі нүктенің бірі болғандықтан, бұл жерді «құс базары» деуге де болады.
Құс көп болған соң, балапан аңдыған ірілі-ұсақты жыртқыш құстар да жоқ емес.
Мына күйкентай қорық аумағындағы ғалымдарға арналған ағаш үйдің шатырынан ұя салыпты.
Фото: Ерболат Шадрахов