24Қар

Тұмса табиғатты қалай кәнігі шебердей суретке түсіруге болады?

Дұрыс зерттеп, шыдамды бола білсе, кез келген адам жан-жануарлар тіршілігінен ерекше фотосурет түсіре алады. Бұл – тұмса табиғат аясында жануарларды суретке түсірумен он шақты жыл айналысқан Джаспер Дуст жинақтаған ақыл-кеңестің бірі.

Дәл осындай сәтті түсіріп алу үшін жануардың өмірін мұқият бақылау, онымен танысу өте маңызды. Мысалы, мына қоқиқаз мұхиттан шыққаннан соң қанатын кереді деп болжадым. Сөйтіп болжауым тура келіп, осындай динамикалық кескінді фотоға түсіріп алдым.

Менің тұмса табиғатқа деген махаббатым маған табиғатты сүюді, құрметпен қарауды сіңірген ата-анамнан дарыған. Мен ұяң мінезді жасөспірім кезімде-ақ өзімнің табиғақа тиесілі екенімді сездім. Міне, тұмса табиғатты суретке түсіріп келе жатқаныма 39 жыл болды. Табиғатты фотоқұжаттау мен үшін табиғи нәрсе – біз бәріміз оның мүшесіміз. Табиғат аясында болу үшін сізге рұқсат сұраудың қажеті жоқ: өзіңізді қонақ ретінде ұстасаңыз жеткілікті, сонда сізді қабылдайды. Менің тұмса табиғатқа қатысты кейбір сүйікті жобаларым солай болуға тиіс нәрседей қабылданатын күнделікті тақырыптарды қамтиды.

Міне, тұмса табиғатта тамаша сурет түсіру бойынша менің кеңестерім келесідей:

Жапон макакасы мопедтің айнасынан өз бейнесіне қарап тұр. Құйрықсыз маймылдар ғана емес, кейбір құйрықсыз маймылдар да көріп тұрған бейнеден өзін танитын сияқты. Жануарлардың дәл осындай мінез-құлықтары мені қатты қызықтырады, табиғат туралы көбірек білуге ынталандырады.

Үйден бастаңыз

Кәсіпқой фотограф болғыңыз келе ме, жоқ па, маңызды емес.  Сирек жануарларды фотоға түсіруді не жай ғана техникаңызды жетілдіруді қаласаңыз, алдымен өз аулаңыздан бастаңыз. Көгершін, тиін, бұғылар – тұмса табиғаттың бір бөлігі. Бірақ көп жағдайда «кәдімгі» жануардың таңғажайып әрі қайталанбас бейнесі әлдеқайда сирек түрдің орташа суретінен жақсырақ болады. Сіз жануарлардың өзіңіз жиі бара алатын тіршілік ортасын тапсаңыз, яғни неғұрлық көбірек фото түсіру мүмкіндігіңіз болса, соғұрлым мақтан тұтатын фотосуретті түсіру ықтималдығыңыз да жоғары болады.

Көгершін үйге кірмек болып, менің үлкен қызымның қасынан ұшып өткенде, қызым қорыққанынан бүрісе қалды. Көгершін қайыра келіп, самалдықтың теміріне қонғанда қызым сол күйі бүрісіп отырған еді. Мен күлкімді камераның артына жасырып, қызыма көгершін тиіспейтінін айтып, жұбатып жатырмын. «Маған шабуыл жасайды екен деп қалдым», – деді ол.

Көрнекі баяндау – бұл осындай ерекше сәттерді фотоға түсіріп алу. Жақсы оқиғаны алыстан іздеудің қажеті жоқ, оларды сіз ойлағаннан да жақынырақ жерде табуға болады.

Жылдар бойы суретке түсірілген қоқиқаз Боб шабыттың шексіз көзіне айналды. Сіз қатты қызығатын, өз музам деп санайтын жануар бар ма? Ендеше одан алыстамаңыз! Муза бірегей стиль жасауға, фотосуреттеріңіздегі эмоциялық байланыстарды тереңдетуге әрі шығармашылық тұрғыдан өсу үшін бірлескен орта құруға көмектеседі.

Мен пандемия кезінде біздің самалдыққа келіп жүрген екі көгершіннің сұлулығын көрсету үшін біршама уақытымды арналым.

Үйде дайындалыңыз және шыдамды болыңыз

Алдын ала дайындалыңыз. Әуелі осы аймақта қандай түрлердің жиі кездесетінін анықтап алу қажет. Жергілікті саябақты, тіпті маңайыңыздағы аумақты зерттеудің де пайдасы бар. Барлау кезінде жергілікті түрлерді анықтау және танысу үшін iNaturalist пен Merlin Bird ID сияқты қолданбаларды пайдаланыңыз.

Орман пілдері Габоның орталық бөлігіндегі шабындықтарда жайылып жүр. Көп адам жануарларды суретке түсірерде жақындап барғысы келеді. Бірақ кейде сәл қашықтан түсірген де жақсы, бұл сол жердің кеңістігін сезінуге мүмкіндік береді.

Біз сияқты, жануарлар да әдетке бағынатын тіршілік иелері: олардың бір жерге күннің белгілі бір уақытында немесе белгілі бір ауа-райында жиі келетінін байқауға болады. Осыған назар аударыңыз және бірнеше рет барып, бақылаңыз. Уақыт өте келе, сіз олардың ізінен бастап, қалдырған тезегіне дейін байқай алатын боласыз.

Жапон макакасы ыстық қайнарда мүлгіп отыр. Басындағы қар түйіршіктері судың жылуынан еріп, маржан тамшыларындай мозаика жасап тұр.

Тәуекел етпей, іс бітпейді

Смартфонды пайдаланған кезде адамдар ұмытып кететін бір маңызды нәрсе – обьектиті тазалау. Линза сүртетін шүберек немесе мақта алып жүргеніңіз жөн.

Камера арқылы жақындатудан бұрын, нысанаға өзіңіз жақындаңыз. Бір деңгейде болу үшін жүрелеңіз немесе биігірек көтеріліңіз, бұл бейненің жан-дүниесін аша түседі. Үстім былғанады деп жүрсеңіз, таңғажайып сурет түсіре алмайсыз: фото түсіру үшін балшықта еңбектеп жүруге тура келуі мүмкін, киім жуу мәселесіне кейінірек ойланасыз.

Сондай-ақ назарды композицияға, іс-қимыл мен көрініске ғана аударатын ақ-қара түспен тәжірибе жасап көріңіз. Кейін ойыңыздан айнып жатсаңыз, көптеген заманауи смартфонда кескін түсін қайтару мүмкіндігі бар.

Аяғынан ауыр жарақат алған мына Кариб теңізі қоқиқазы Кюрасаода құтқарылған. Аяғындағы байпақ жазылып келе жатқан жарақатына салмақ түсірмеу үшін арнайы түрде шақтап тігілген.

Фото-баян авторы Джаспер Дуст