5Дек

Түнгі фото

Тиісті құралдар мен дұрыс жоспар болса, кез келген адам түнде ай мен жұлдыздардың сұлулығын түсіре алады. Кәсіби фотограф Кейт Ладзинскидің кеңесін оқып көріңіз.

Толған ай Колорадо штатындағы Сан-Луис алқабында кешкі ымыртта суық Сангре-де-Кристо тауларының үстінде тұр

Жұлдыздарға қарау алаулап жанған отқа қарағанмен бірдей. Олардың да санаудың баурайтын қасиеті бар; біздің қиялымыз қиянға шарықтай бастайды. Осынау шексіз кеңістікте біз қаншалықты кішкентай екеніміз туралы ойлар, таңғажайып сезімдер мен толқулар, барлығын білмекке деген құлшыныс туады. Түнгі фотосурет арқылы біз шексіз аспан фонын пайдалана отырып, уақыт пен кеңістікті түйсіні сезімін бере аламыз.

 (Nat Geo-ның 2023 жылғы ең жақсы суреттерін қараңыз.)

Мен 20 жыл бойы кәсіби фотографпын, сүйікті суреттерімнің кейбірі түнде түсірілген. Мұнда мен сіздерге түнде қалай керемет сурет түсіруге болатыны жөнінде ақыл-кеңесімді ұсынамын.

Күндіз барлау

Түнгі түсірілім қай жерде болатынын күндіз жоспарлаңыз. Ол жерде композицияңызды құрастырасыз. Қораш көрінетін нысандар (мысалы, жапырағы жоқ кәрі ағаш немесе қисық жартас) түнгі аспанды әдемі етіп көмкеруі мүмкін. Түсірілім кезінде ай мен жұлдыздардың аспандағы қозғалысы қалай өтетінін көруге көмектесетін PhotoPills сияқты қолданбаны пайдаланыңыз.

Қажетті құрал-жабдықты қамдап алыңы

Смартфонға немесе жоғары сапалы SLR камераға түсіресіз бе, бәрібір, орнықты штатив, маңдайға орнататын қолшам (немесе кез келген басқа жарықтандыру құралы) және күндізгіден гөрі (әсіресе шөл далада) жылырақ киіміңіз болғаны жөн. Сондай-ақ қашықтан тартып іске қосуға арналған жіңішке тросс алуды да ұсынамын, ол әсіресе камераны ұзақ экспозиция кезінде қосу үшін қажет. Булануын болдырмау үшін линза жылытқыш алыңыз.

Айды ұмытпаңыз

Түнгі фотосуреттің ең жақсы мүмкіндіктерінің бірі – көріністі «таза парақтан» жасай алатындығыңыз. Яғни қараңғы болғандықтан, сіз жарықты өзіңіз реттей аласыз. Сондықтан мен ай жаңа туғанда немесе аспанда қылдай ғана боып тұрған кезде түсіргенді жөн көремін. Айдың айналаға түсірер жарығы мол, оны бұлыңғыр Күн деп елестетіңіз. Егер оның көлемі жуанырақ болса, мұны композицияңызда ескеріңіз.

Шамадан тыс өңдеуден сақ болыңыз

Түсірілімнен кейін ең жақсы фотографтар ақ түстің теңгерімін реттейді, көлеңкелерді анық қылады, тым жарық тұстарды көмескілейді. Бірақ абайлаңыз, артық қылам деп, тыртық қылып алмаңыз. Әрбірден соң, сіздің ең басты мақсатыңыз – өзіңізге ұнайтын сурет жасау. Егер сіз оны жариялау мәселесі созылып жатқанын сезсеңіз, бұл сіз үшін өзіңізді тағы бір сынаудың, өзіңізге ұнайтындай тағы бір фото жасап көрудің мүмкіндігі.

Француз Альпісіндегі Лес Чесерис көлінің айналасындағы көгалда шатырлар жарқырайды

Калифорния штатындағы Секвойя ұлттық саябағында алып секвойялар (қызыл ағаш) тоғайы жұлдызды аспан астында биік ақ шыршаны қоршап тұр

Солтүстік шұғыласы Оңтүстік-Шығыс Гренландия аспанын тілгілеп тұр
Йеллоустоун ұлттық саябағындағы Мидуэй гейзер бассейнінде Гротто гейзері жұлдызды аспан астында атқылап жатыр
Арбол де Пьедра (Тас ағашы) – Боливияның Эдуардо Авароа Анд фаунасы ұлттық қорығындағы биіктігі 20 фут болатын жартас

Қызыл іңірде Калахари шөлінің үстінде төңкерілген жарты ай.  Оңтүстік Африка

Фото және мәтін: Кейт Ладзински