Астанадағы «Юра дәуірі паркі» 2008 жылы пайда болды. Ондаған адам күш-жігерін жұмылдырған осы үлкен жоба сол кездің өзінде-ақ аниматрониктері (жануарларға ұқсас роботтар) бар шетелдік саябақтардан кем түспейтін.
Динозаврлар – шетелдік технологиялар бойынша жасалған нағыз отандық өнімдер. 6 метрлік болат динозаврлардың қаңқалары Орал қаласындағы әскери зауытта жасалды, содан соң динозаврлар мен алып орангутанды қазіргі Семей қаласында мамандар «киіндірді».
Қазақстандық суретшілер бағдарламашылармен бірлесіп, «жануарлардың» әрбір бұлшықет қимылын жасады: олар көздерін ашып-жұмады, тыныс алады, эмоция білдіреді. Айналада жанартаулар атқылап, сарқырамалар сарқырайды. Найзағай жарқылдап, тропикалық тоғайлар шуылдағанда шынымен де джунглиге жүргендей бойыңызды үрей билеп, ерекше кеңістікке тап боласыз.
Квест форматындағы экскурсия жарты сағатқа созылады. Қазақ театры мен киносының кәсіби актерлері өз рөлдерін шебер меңгерген. Сценарийлерді үнемі жаңартып, келушілерді барынша қызықтыра біледі. Олар тропикалық орманнан шығу үшін қандай сынақтан өту керектігін айтып береді немесе жасырынып қалып, бейжай тұрған адамды күтпеген жерде қорқытуға тырысады, балаларға сиқырлы артефакт табуға көмектеседі. Осылайша «Джунглидің» әрбір қонағы нағыз шытырман оқиғаның ішіне еніп кетеді.
Парк кейіпкерлері де үнемі өзгеріп, джунглиге жаңа «тұрғындар» қосылып отырады. Биыл «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрымен бірлесіп, бірнеше тілде көрсетілетін «Әнші жартастар» жобасын іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ «Джунгли» ішіндегі экскурсия кезінде әдемі фотосуреттер мен бейнежазбалар түсіруге мүмкіндік бар. Келушілер «үндіс» актерлармен қуана суретке түсіп жатады.
Біз қонақтарымызға әрдайым жоғары сапалы қызмет көрсетіп, ерекше әсерлер сыйлауға тырысамыз. Сондықтан «Джунгли» театрында күн сайын инженерлер мен бағдарламашылардан, суретшілерден тұратын кәсіпқойлар командасы жұмыс істейді. Олардың кейбірі аниматроника театры ашылғаннан бері жұмыс істеп келеді. Елімізде бұл салада (аниматрониктер паркінде) тәжірибесі бар адамдар жоқтың қасы. Ал біз театрымыздың мықты мамандар ұстаханасына айналғанын мақтан тұтамыз. «Джунгли» театры – Қазақстандағы бірегей жоба. Ол жылдың 365 күнінде жұмыс істейді. Билеттерді орталық кассаларында, немесе ailand.kz сайты мен мобильді қосымшада онлайн сатып алуға болады. Келіңіздер, көріңіздер!