Атырау облысында ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен өткен чемпионатта бірінші орынды Түркістан облысының спортшылары иеленді.
Еске сала кетейік, құсбегілік спортынан ересектер арасындағы XVI Қазақстан чемпионаты 24-26 ақпан аралығында Атырау облысында ұйымдастырылған еді. Еліміздің 14 өңірінен құсбегілер қатысқан осы чемпионаттың алғашқы күні 31 бүркіт сайысқа түсіп, олардың тек 18-і келесі айналымға өтті.
Соңғы айналымның нәтижесі бойынша 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған Түркістан облысының спортшылары командалық есепте бірінші орынды иеленді. Ал екінші және үшінші орындар Астана қаласы мен Ақмола облысының құсбегілеріне бұйырды.
Автор: Әлия Құлахметова, С.Демирел университетінің 4-курс студенті