27Ақп

Түркістандық құсбегілердің мерейі үстем

Атырау облысында ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен өткен чемпионатта бірінші орынды Түркістан облысының спортшылары иеленді.

Еске сала кетейік, құсбегілік спортынан ересектер арасындағы XVI Қазақстан чемпионаты 24-26 ақпан аралығында Атырау облысында ұйымдастырылған еді. Еліміздің 14 өңірінен құсбегілер қатысқан осы чемпионаттың алғашқы күні 31 бүркіт сайысқа түсіп, олардың тек 18-і келесі айналымға өтті.

Соңғы айналымның нәтижесі бойынша 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған Түркістан облысының спортшылары командалық есепте бірінші орынды иеленді.  Ал екінші және үшінші орындар Астана қаласы  мен Ақмола облысының құсбегілеріне бұйырды.

Автор: Әлия Құлахметова, С.Демирел университетінің 4-курс студенті