Осы кезде бүкіл елде жүздеген адам күндегі жұмысын тастап, шегіртке аулауға шығады. Угандада тұздалған және қуырылған шегіртке – деликатес. Ашық базарларда, такси паркінде, жол жиектерінде бір қабы екі долларға сатылады.
Дәу мысықтар мекені
Нагарахол қорығында бенгалдық жолбарыстар мен үнділік леопардтар өріп жүр. Туристер осы мысықтарға, соның ішінде мутациядан қара пигментке ие болған ерекше батыл леопард – қара пантераны көру үшін ағылады.
Қоқыссыз әлем
Жер шарындағы адам саны күн санап емес, сағат санап өсіп келеді.
Бақа, бақа, балпақ…
Бақаларды аулау ерекше сабырлық пен табандылықты талап ететін шаруа. Бұған әуес жандардың да өз жаргоны мен міндетті түрде қажетті заттар тізімі бар. Мысалы, масаға таланып, жыланның шағуынан қорғайтын басы жабық аяқ киім. Құрбақалар құрып бара жатқан әлемде біздің амфибия құмар саяхатшыларымыз оларды табу үшін Коста Рикаға аттанады.
Керегенің құлағы бар болса, джунглидің көзі бар…
Сіз көрмесеңіз де, естімесеңіз де, джунгли бәрін көріп тұр, бәрін естіп тұр… Оңтүстік-шығыс Азияның ыстық ну ормандарының таңсәрі елесі – пантерамен таныс болыңыздар! Мұндай жан түршігерлік атау оның әсерлі түсі мен қолға еш ұстатпайтындығымен түсіндіріледі.
Магеллан пингвині
Каз новость 2
Арктика тағысы
30 сағат бойы арктикалық қасқырлар үйірімен жалғыз қалған тілшімізге Тундра тағысы ұялатқан сезім…