28Сәу

Ғалам + Адам

Winters_NatGeo_Andy_Weir_0267

«Марстық» фильміндегі Мэтт Дэймон костюмін аталмыш кітаптың  авторы Энди Вейрге не үшін кигізді дейсіз бе? Бұл астрофизик Нил де Грасси Тайсонның «Жұлдыздармен сұхбат» атты бағдарламасынан алынған «Сұрақ-жауап» айдарының тұсаукесері. Алғашқы қонағы – өзін ғылым жанашыры санайтын Вейр.

ФОТО: ДЭН УИНТЭРС

Нил де Грасси Тайсон: Сонымен, Энди, ғылымға бала кезіңізден қызықтыңыз ба? деп сұрағым келіп тұр.

Энди Вейр: Әрине. Ғылым десе, ішкен асымды жерге қоятын адаммын. Ұқсамаймын ба?

Н. Т.: Демек, ғылым және математика пәндерін жақсы оқыдыңыз. Сол үшін сотқар балалар сізге тиіскен шығар?

Э. В.: Әлбетте. Бірақ ғылымға деген қабілетім үшін бе, әлде, елден ерек болғаным үшін бе олардың мені неге көре алмайтындығын білмедім. Бәлкім, екіншісі себеп болар.

Н. Т.: Ал университетте қандай мамандықты оқыдыңыз?

Э. В.: Компьютер ғылымы және инженерия.

Н. Т.: Ағылшын тілінен берген ұстазыңыз «бұл бала кейін ұлы жазушы болады» деп айтпаған шығар. Дұрыс айттым ба?

Э. В.: Ұстазым менен керемет математик шығады деп айтқан болар еді. Ал мен жазушы болуды орта мектепті бітіргенше армандап келдім. Бірақ жазушылықпен жан бағу оңай емес. Ал мен аш жүргім келмеді. Сол себепті бағдарламалық инженерия саласына бет бұрдым.

Н. Т.: «Марстық» кітабын жазуды қалай бастадыңыз?

Э. В.: 1999 жылы «AOL» компаниясында жұмыс істедім. Кейін бұл компания «Netscape» фирмасымен біріккеннен кейін, жұмыстан шығып қалдым. Қаржы биржасында көп ақшам бар еді. Сондықтан үш жыл демалдым. Сол аралықта кітап жаздым. Бірақ оны жарыққа шығармадым. Жайлап жазушылыққа бет бұра бастағанымды байқадым. Ақыры, ғаламтор парақшасын аштым да, шағын әңгімелер мен сюжетті шығармаларымды сала бастадым. «Марстық» осындай туындылардың бірі. Нәтижесі қатты қуантты. Кейінірек «Amazon» сайтында кітабымды сатылымға шығардым. Көп ұзамай ол үздік сатылымдар қатарына енді. Тіпті, «Random House» баспасының назарына ілінді. Олар маған ұсыныс жасады. Осылайша, армандарым біртіндеп орындала бастады.

Н. Т.: Сіздің сондай күйде болғаныңызға қуанарымды да, қынжыларымды да білмеймін. «Марстық» шығармасындағы бас кейіпкердің ғылым­білімге сүйене отырып өзін аман сақтап қала ала ма, жоқ па деген сұрақ бәрімізді алаңдатты. Оның басқалармен қарым­қатынасы қалай? Әке­шешесі тірі ме, жоқ па? Үйленген бе? Бала­шағасы бар ма? Бұл сұрақтар менің ойыма кіріп­шыққан жоқ. Мені алаңдатқаны, «оның ойлағандары сәтімен іске аса ма, жоқ па?» деген сұрақ қана мазалады. Ал ол болса ғылым, технология, инженерия және математика саласында, яғни STEM­мен жұмыс жасап жүр. Ондай жағдай бұрын­соңды болмаған шығар.

Э. В.: «Марстықты» ешкім әдеби шығарма деп санамайды. Солай емес пе? Бас кейіпкер Марк Вэйтни шығармада бастан аяқ бір қалыпты. Ол ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Үлкен қысымға қарамастан күйзеліске берілмейді. Бәріне бірдей сабақ болатын жері де осы.

Н. Т.: Сонда сіз кейіпкердің мінез­құлқын ашуға тырыспайсыз ба?

Э. В.: Жоқ. Қажеті не!?

Нил де Грасси Тайсонның «Жұлдызбен сұхбат: Ғарыш сапары жайлы білуге тиісті нәрселер. Ғылыми фантастика, адамзат және ғарыш» атты жаңа кітабын shopng.com/startalk мекенжайы арқылы сатып ала аласыз.

Нил де Грасси Тайсонның «Жұлдызбен сұхбат: Ғарыш сапары жайлы білуге тиісті нәрселер. Ғылыми фантастика, адамзат және ғарыш» атты жаңа кітабын shoping.com/startalk мекенжайы арқылы сатып ала аласыз.

УИЛЬЯМ КАЛЛЕН, CONTOUR BY GETTY IMAGES

Н. Т.: Өзіңізді жаңа бір жанр қалыптастырдым деп ойламайсыз ба?

Э. В.: Кейбіреулер бұл кітапты компитенс порн жанрына жатады дейді. Яғни, білікті кейіпкердің қиын тапсырмаларды орындауын суреттеп, оқырманға шынайы ләззат сыйлайтын шығарма жанры.

Н. Т.: Маған фильмнің ұнаған жері – баяндалып жатқан әңгімеде ғалым шынайы кейіпкер болып көрінді. Өмірімде мұндайды көрген емеспін.

Э. В.: Менің көздегенім де осы болатын. «Адамдар ғылымды тереңірек түсінуге ұмтылу керек» деуден аулақпын. Менікі тек «Бұл шынымен керемет нәрсе емес пе? Басқалар да осыны сезінсе екен» деген ой ғана.

Н. Т.: Фильмдегі оқиға 2035 жылы болады. Меніңше, бұл кездейсоқ уақыт емес.

Э. В.: Иә. Мен «Хэрмес» деп аталатын ғарыш кемесінің Жерден Марсқа және қайтар бағыттағы орбиталық траекториясын есептеп шықтым. Бұл секундына екі миллиметр үдеуді [mm/s²] қамтамасыз ететін иондық қозғалтқышқа негізделген. Ал мұндай технология қазір біздің қолымызда жоқ.

Н. Т.: Марсқа ұшу үшін арнайы уақыт кезеңі болады. Солай ма? Демек, сіздің шығармаңыз да көбіміз біле бермейтін әлде қайда мол әрі дәлме­дәл есептеулер бар.

Э. В.: Иә. Шындығында, орбиталық қозғалыстарды зерттеген кейбір ғалымдар менің есептеуімді бірнеше қайта тексеріп, екі пайыз шамасында қате жібергенімді тапты. Бұл ғарышаралық саяхат үшін әрине, өте үлкен қателік…

Н. Т.: Бірақ фантастика жанры үшін…

Э. В.: Еш оғаштығы жоқ.

Н. Т.: Жақсы. Кейіпкеріңіз Марсқа келді. Сосын сіз: «Мен бір қиял­ғажайып нәрсені ойдан құрастырып, әңгімені жалғастыруым қажет. Барлығын жақсылап орналастырдым. Енді маған бел шешіп, әңгімені өрбітетін сылтау қажет» деп ойладыңыз ба? Қай оқиғаны айтып тұрғанымды түсінген боларсыз.

Э. В.: Құмды дауыл туралы айтып отырсыз ғой.

Н. Т.: Шаңды дауыл деңіз. Марста ешқашан құмды дауыл болмайды. Себебі ол жақтағы желдің құмды көкке ұшыруға шамасы жетпейді.

Э. В.: Дұрыс. Шаңды дауылдан бұрын менде басқа идея болған еді. Дегенмен, бұл адам мен табиғатқа қатысты әңгіме болғандықтан табиғаттың жойқын мінезін көрсеткім келді. Ең қызық жері де осында. Кейіпкерге барлық қиындықты үйіп­төгіп беремін де, оны қалай шешер екен деп ойланып қаламын.

Н. Т.: Әңгімені жазу барысында «Жетер, енді оны өлтіріп алармын» деп ойламадыңыз ба?

Э. В.: Әрине. Көп жерлерде ойдан қосқан қиындықтың қаталдығы соншалық, кейіпкер оған ешқандай шешім таба алмайды. Осындай жағдайларда оған қандай да бір құрылғы беріп, мәселені шешуіне мүмкіндік жасаймын немесе ушықтырмай қоя саламын.

Н. Т.: Мен үшін оның өлуі немесе аман қалуы бәрібір еді. Сол мәселені шеше ала ма, жоқ па деген сұрақ қатты алаңдатты.

Э. В.: Себебі сіз де мен секілді ғылым жанашырысыз. Егер ол ең соңында өлсе, жанымыз ға ауыр соққы болып тиер еді. Солай емес пе? Бұл Джеймс Бондтың киносы сияқты. Кейіпкер өмірге қатер төндіретін шексіз арпалыста жүрсе де, оның өлмейтініне сенеміз. Сіз оның қалай аман қалғанына таңғалдыңыз ғой, мойындаңызшы!?

Н. Т.: Тамсана, көз жазбай қарап отырдым.

Энди Вейр Лос Анжелестегі «20th Century Fox» студиясының мұрағатында сақтаулы тұрған кино таспаларының ортасында тұр.

Энди Вейр Лос Анжелестегі «20th Century Fox» студиясының мұрағатында сақтаулы тұрған кино таспаларының ортасында тұр.