28Қар

Қылкөпір

Пәкістанның солтүстік өңіріндегі Гилгит-Балтистанда адам табиғаттың дүлей күшіне қарсы дәрменсіз


Мұздық суымен толысатын Хунза өзені үстіндегі Қарақорым жотасының жартасты беткейлерімен жалғайтын Хуссайни аспалы көпірі жіңішке жіптей ғана көрінеді. Жел соқса, ұзын арқаны мен тақтайлары тербеле бастайды.

КАДРҒА ІЛІКТІРУ

Осы суретті түсіру үшін фотограф Кевин Файннарт талай тағдырды жалмаған қауіпті өткелге шыққан жоқ. Ол нысанасын өзеннің батыс жағалауынан көздеді. Файннарттың айтуынша, ол осы нүктеден қоршаған шыңдардың ауқымын толық тамашалай алған.

ЗЕҢГІР КӨК

Өзенге таяу маңда Ракапоши тауы мұнартады. Бұл Хуссайниден екі күнде Ракапоши базалық лагеріне жете алатын тәжірибелі альпинистердің межелі жері. Бұл жер шытырман оқиға іздеушілерді жинайды: альпинист Самина Бейг – әр құрлықтың ең биігі саналатын Жеті шыңды бағындырған алғашқы пәкістандық әйел.

ИНЖЕНЕРЛІК ҒАЖАЙЫП

1200 км Қарақорым трассасы арқылы көпірге барар жол жердегі ең күрделі ландшафтардың бірінен өтеді. Шалғай әрі теңіз деңгейінен жоғары болғандықтан жол құрылысы 20 жылдай уақытқа созылды. Екі ел арасында заманауи Жібек жолын ашу үшін Қытай және Пәкістан мамандары біріге жұмыс істеді.

Сан тілімен

635 шақырым – көпірдің исламабадтан қашықтығы

150 метр – көпірдің долбарлы ұзындығы

7800 метр – ракапоши тауының биіктігі


«Хунза алқабындағы мына құдіретті таулар рингтегі күш сайысын көрсетеді», дейді пәкістандық мультимедиалық тілші Файсал Фарук


Автор: Софи Ибботсон фото: Кевин Файннарт

Материалдың толық нұсқасы журналымыздың 2022 жылғы қазан айындағы санында жарияланған.