16Jul

Джаспер Дуст

Фламинго National Geographic

Жиені Одеттің кәсібі мен оған әкелінетін жан­уарларды суретке түсірмек болған Дуст екі бірдей қоқиқазды кездестіреді. Олардың бірі – мидың шайқалуынан айығып, интернетті дүрліктірген Боб болса, екіншісі – аяқ инфекциясынан соң сал болып қалған Томас. Әдетте, жарақат тым ауыр болып, емдеуге келмесе, Одет эфтаназияға жүгінеді. Болмаса Томастың жарақатын жазу үшін «шұлық» секілді креативті емдеу жолын табу керек. Соның арқасында Томастың жүрісі қалпына келіп, ол еркіндікке жіберілген. Ал Бобты еркіне қоя беру қауіпті, өйткені артритімен ол жабайы ортада ұзақ жасамасы анық.

 

Нидерландылық фотограф Дуст адам мен табиғат әлемнің арасындағы өзара байланысты түсіреді.

КЮРАСАОДАҒЫ КАРИБ АРАЛЫ. ЖИЕНІ ОДЕТТ ДУСТТЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯСЫ.