16Шіл

Жан-тәнімен

1939 жылы неміс аяқ киім шебері Питер Лиммер АҚШ аумағында тұңғыш болып арнайы тапсырыспен жасалатын, былғарыдан тігілген, қатты әрі ұшы доғал «шаңғы етігін» патенттеп алады. Бүгінде, сақалы ағарған Питер Лиммер III атасының құрал-саймандарымен жылына кемінде 200 жұп осындай аяқ киім тігеді. Бағасы 775 доллардан басталатын етікке тапсырыс берушілер көп. Етігін жөндету үшін сонау Тасманиядан келетін адал тұтынушылар да бар екен. «Ең кереметі, – дейді Лиммер, – клиенттердің жаңа етігімен билеп тұрғандарын көру».

Құрал-сайман

1. Ұзартылмалы қысқыш. Балғасы мен ұстағышы бар бұл құрал аяқ үлгісіне (10) кигізілген былғарыны созып, пішінін келтіру үшін керек.
2. Сүйемел. Аяқ киімнің табаны не өкшесімен жұмыс істеуге арналған болат құрылғы.
3. Желім ыдысы. Лиммер атасының желім қатқан ыдысын 45 жыл қолданған.
4. Қысқышы бар сүйемел. Аяқтың ағаш не нейлон (көрсетілген) үлгісінің басына арналған жұмсақ, былғарымен қапталған сүйемел.
5. Шеге қысқыш. Етік жасауда қолданылатын шегені суыруға және кесуге арналған.
6. Түйме ілгегі. «Кезінде аяқ киімдердің түймелері кішкентай болған. Сол заманда бұлар саусақтары жуан етікшілерге көмектескен», – дейді Лиммер мына 100 жылдық ілгектер жайлы.
7. Айналмалы тескіш. Бұлар етік бауының ілгектеріне арналған тесіктер жасайды.
8. Арттан алдыға қарай: Тегістеу мен пішінін келтіруге арналған жонғыш; қайрақ; пышақтың жүзін тегістеуге арналған балға; шегелерді қағып, етік ішіндегі кедір-бұдырды тегіс­теуге арналған түзеткіш.
9. Былғары ұста. Балғасы. Құрал-сайман жанындағы ыдыстағыдай шеге мен шыртылдақты аяқ киім табанына қағуға арналған.
10. Ағаш аяқ үлгісі. Лиммер стандарт көлемді бөліктерді тұтынушының аяқ өлшеміне сәйкес келгенге дейін үлгіге қояды. Етік осы үлгінің үстінде жасалады. Лиммердің әзілдеуінше «мықты бұлшық ет пен қозы қарын» ғана үлгіден етікті суырып алуға көмектеседі.

Автор: Дженнифер С. Холланд

Фото: Ханна Уитакер