3Нау

Географиядан олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Олимпиада Астана

Елордада «National Geographic Qazaqstan» журналы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұйымдастырған қалалық I Ұлттық олимпиада өз мәресіне жетті.

Қаладағы №72 мектеп-лицейде өткен олимпиаданың алғашқы мектепішілік кезеңіне 98 мектептен 1373 оқушы қатысып, соның 291-і аудандық іріктеуге өтсе, солардың арасынан үздік шыққан 102 оқушы қорытынды сайыста бақ сынады. Оларға география пәнінен оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жетекші халықаралық олимпиадалардың талаптарына сай әзірленген, сондай-ақ National Geographic журналының материалдары негізінде даярланған сұрақтарды қамтитын тапсырмалар ұсынылды.

Астана олимпиадасы

Мұндағы мақсат  оқушылардың географиялық білімі мен дағдыларының сапасына назар аудара отырып, географиялық зерттеулерге ұмтылу белсенділігі мен пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыруды, халықаралық география байқауларына машықтандыруды көздеді.

Нәтижесінде, қалалық қорытынды кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» орталығы мен «National Geographic Qazaqstan» журналының I, II және III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды. Оқушыларға сондай-ақ «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясы дайындаған арнаулы сыйлықтар тапсырылды.

Олимпиада в Астане