24Там

Елдегі 9 қалада ауа нашар

Елімізде 45 қаланың 9-ында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Шымкент қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғары.

Жезқазған биылдан бастап өз көрсеткіштерін жақсартып, орташа деңгейге көшті. 2022 жылдың 1-жарты жылдығында шығарындылардың жалпы көлемі 0,9 млн тоннаны құрады.

Алматы қаласы

Шығарындылар көлемі 20 мың тоннаны құрады, соның 97,1% – ы жылу энергетикасының үлесіне тиесілі.

Атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту үшін ЖЭО-2, ЖЭО-3 қазандықтарын жаңғырту жұмыстары басталды, бұл шығарындыларды 83%-ға қысқартады.

Жасыл қорды ұлғайту мақсатында 640 мың ағаш отырғызылды. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 1 миллионға жеткізілмек.

Нұр-Сұлтан қаласы

Шығарындылар көлемі 34,8 мың тоннаны құрады, соның 58,9% – ы ЖЭО мен қазандықтардың үлесіне тиесілі.

Атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту үшін ЖЭО-1 және ЖЭО-2 табиғи газға ауыстырылып, су жылыту қазандықтары іске қосылды.

Өскемен қаласы

Шығарындылардың жалпы көлемі – 82,1 мың тонна. Қаланың әуе бассейнін ластаудың негізгі үлесі ҮМК, ТМК, Үлбі металлургия зауытына, Өскемен және Согра ЖЭО-ға тиесілі. Олардың нақты шығарындылары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 21 мың тоннаға жеткен.

Теміртау қаласы

Шығарындылардың жалпы көлемі 118,4 мың тоннаны құрады, соның 92,6% – ы өнеркәсіптік объектілердің үлесі.

Реттеу шеңберінде 2022 жылға кәсіпорын шығарындылары нормативтерінің 31,6% – ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Қарағанды қаласы

Шығарындылар көлемі 22,7 мың тоннаны құрады. Соның 78,9%-ы жылу энергетикасына тиесілі.

«Қарағанды Энергоорталық» ЖШС  «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына қосылып, шығарындыларды 2025 жылға қарай 11 мың тоннаға азайту жоспарлануда.

Ақтөбе қаласы

Шығарындылар көлемі 9,7 мың тоннаны құрады, өнеркәсіптік объектілердің үлесі – 91,4%.

Атырау қаласы

Шығарындылар көлемі 9,8 мың тоннаны құрады. Соның жартысынан астамы, яғни 58%-ы Атырау МӨЗ-іне тиесілі.

Атырауда күкіртсутегімен жоғары ластанудың 43 жағдайы тіркелді, оның негізгі көздері «Тухлая балка», «Квадрат» булану алаңдары және «АМӨЗ» ЖШС қызметі болды. Шығарындылардың асып кету фактілері бойынша «АМӨЗ» ЖШС-на жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижелері бойынша кәсіпорын 6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қаласы

Шығарындылар көлемі 16 мың тоннаны құрады, оның ішінде өнеркәсіптік объектілердің үлесіне – 94,7%, жылу энергетикасына – 5,3% тиесілі.

16 мың га алқапқа жасыл желек отырғызу жоспарлануда, қазірдің өзінде 162 га алқапқа сексеуіл отырғызылған.

Мәліметтер Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов өткізген брифингтен алынған.