5-7 қазан аралығындаНұр-Сұлтан қаласындағы «EXPO» ХТО жаңа локациясында 16-шы Қазақстандық Халықаралық туристік «Демалыс» көрмесі өтеді. Ол өз жұмысын Astana Travel Expo 2022 — жаңа брендімен бастайды.
Алғашында Astana Leisure атауымен өткен Astana Travel Expo көрмесі өзін күзгі-қысқы туристік маусым қарсаңында маңызды салалық іс-шара әрі өзекті трендтерді талқылауға, жұмыс істеуге арналған нетворкинг ретінде танытты
Astana Travel Expo жобасы Қазақстанның елордасы үшін маңызды экспо-оқиға ғана емес. Ондағы алаңның халықаралық деңгейдегі сапасы көрмеге және көрме командасына 2019 жылы ірі халықаралықіс-шара – PATA Travel Mart операторы болуға мүмкіндік берді.
Astana Travel Expo астаналық алаңы мемлекеттік құрылымдармен, үкіметтік және бейінді ұйымдармен, елшіліктермен және консулдықтармен тікелей байланыс арналарын пайдалануға мүмкіндік беретіндігімен ерекше маңызды. Сондай-ақ көрме статистикасы да жыл сайын Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарының туристік өнімдерін/қызметтерін сатудағы жетекші агенттіктері ең көп шоғырланатын, белсенді жұмыс істейтін алаңы дәл осы Astana Travel Expo (бұрынғы Astana Leisure) екенін көрсетіп отыр.
Көрменің экспоненттері туроператорлар, турагенттіктер, ірі авиакомпаниялар және қонақ үй желілері болады. Scat, Selfie Travel, KOMPAS, fun&Sun Travel туроператорлары қатысатындықтарын растады. Қазақстан, Индонезия, Малайзия, Ресей және Тайланд елдерінің ірі компанияларының ұлттық және ұжымдық стендтерімен қатар, жеке экспозицияларымен де қатысуы күтілуде.
Көрмеге туризмді дамыту басқармалары арқылы еліміздің барлық облыстары қатысады, бұл қазіргі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отырған ішкі және сыртқы туризмді дамытуға септігін тигізеді.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың мәлім еткеніндей, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі туристер саны 50%-дан астамға артқан. 2022 жылы Қазақстанның туристік саласына 1 трлн теңге тарту жоспарланған. Карантиндік тыйымдар жойылып, логистикалық қиындықтар еңсерілген қазіргі кезде Қазақстанды трэвел-дестинация ретінде танымал ету аса өзекті.
Бір атап өтерлігі, Astana Travel Expo іскерлік бағдарламасы құрылымдық ұйымдар мен қауымдастықтардың жаңа өнімдерін таныстыруды да қамтиды. Мысалы, сыртқы туризм саласындағы азаматтар құқығына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі «Туристік Қамқор» сарапшылары туризм саласындағы мамандар мен туристерге жаңа ақпараттық өнімін таныстырады. Сол сияқты someplace.kz журналымен бірлесіп ұйымдастырылатын Қазақстан саяхатшылары форумы да назар аударуға тұрарлық.
Барлық қосымша ақпаратпен және қатысушылардың тізімімен толығырақ сайтта танысуға болады: www.travelexpo.kz
Көрмеге кіру билетін сайттағы «КЕЛУШІЛЕРГЕ» бөлімінде ATE22TBC01 промо-кодты теріп, алдын ала ОНЛАЙН ТІРКЕЛУ арқылы ала аласыз.