Африкада, Сахарадан оңтүстікке қарай мекендейтін қара құтан (Egretta ardesiaca) жемтігін аулауда өте епті. Таяз сулардағы ұсақ балықтарды ұстау үшін ол қос қанатын қаусырып, қолшатыр жасайды.
Күн көзінен пана іздеген балықтар қанатынан түскен көлеңкеге келіп тығылады. Шамасы, бұл шатыр балықтардың құтанды көруін қиындатады, ал құтан жемтігін оңай олжалайды.
Автор: ЭННИ РОТ