26Сәу

Борщов қызғалдағы гүлдеді

Қызғалдақтың бұл түрі ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған. Арал теңізі өңірінің эндемигі саналатын қызғалдақ Барсакелмес қорығында көптеп кездеседі, сәуір-мамыр айында гүлдеп, мамыр – маусым айларында жеміс салады. Жемісі — үш ұялы көп тұқымды қауашақ, деп жазады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сайты.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде қызғалдақтың 3000-ға жуық түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, оның ішінде Борщов қызғалдағы да бар.