19Окт

Джеймс Уебб – ғарыш туралы түсінікті өзгерткен телескоп

Алда-жалда Джеймс Уебб ғарыш телескопын құрастыру сәтінен түсірілген сурет көрсеңіз, оның Крис Ганға тиесілі екені сөзсіз.

1 ЖЕЛТОҚСАН, 2017
Ганн термо-вакуумды камерадан шығып келе жатқан JWST-ты 8 қабатты лифтіден суретке түсірді. Ол NASA-ның Хьюстондағы Джонсон ғарыш айлағында жүз күн бойы криогенді сынақтан өтті. Сынақтың сәтті аяқталуы жұмысшы­ларды қатты толқытты. «Ұшатын сәт едәуір жақындады», – дейді Ганн.

NASA Ганды 2009 ж. Гринбелттегі (Мэриленд штаты) Годдард ғарыш айлағындағы инженерлер тобына ғылыми-техникалық фотограф ретінде жұмысқа алды. Ол алғашқы бөлшегін әкелгеннен ғарышқа аттанғанға де­­йінгі обсерватория құрылысын 12 жыл бойы суретке түсірді. Әрбір бұранда, сомынды, айнаны түгендеп шықты ма? «Иә. Әйтсе де мен суретке түсірмеген нәрселер де барына сенімдімін, – дейді ол күліп. – Мен үшін ең ғажабы – ау­­қымды бөліктері келіп, оларды құрастыр-
ғанда телескоп нобайы көрінген сәт. Сирек бөлшектері, мәселен айналары әкелінгенде, оның өте ерекше дүние екенін түсінесіз. Расында, солай».
Ганн NASA-дағы кей менеджер JWST-ты «Аполлон миссиясымен бір қатарға» қояды дейді. Өйткені мұндай күрделі құрылыс бұрын-соңды болмаған. Ең алып құралға айналған обсерватория қазір Жерден 1,5 млн қашықта ұшып жүр.
JWST-ның 2021 ж. 25 желтоқсанда Француз Гуианасындағы Курудан ғарышқа жол тартқанына куә болған Ганн қуаныш пен қобалжуды, үмітті қатар сезінді. «Көзден жас тамбады, бірақ тамағыма өксік тығылып, тілім байланды, – дейді ол. – Бұл бір жоба үшін өте ұзақ мерзім еді. Осы кезеңде жұмыстан бөлек тындырған жалғыз шаруам отбасымды сақтап, бала өсіру ғана болды. Әйтсе де жобаның бергені мол».

Автор: КУРТ МЮТЧЛЕР

16 ҚЫРКҮЙЕК, 2021: Техникалық мамандар алып, бірақ өте нәзік телескопты жантайтып, тұңғыш рет Курудағы (Француз Гуианасы) ұшу айлағына жіберу сәтін тамашалап тұр.