natadmin
2Дек

National Geographic Qazaqstan журналы мен М.Нәрікбаев атындағы KazGUU университеті өзара әріптестік байланыстар орнатып, ғылыми-практикалық тәжірибе және білім алмасу, кәсіби біліктілікті арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізуге ниетті.

1Дек

National Geographic Qazaqstan/  – Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм желтоқсанның 1-і күні Ұлттық музейде KAZMEDIA HOLDING ЖШС бас директоры әрі National Geographic Qazaqstan журналының бас редакторы Еркін Жақыповпен кездесті.

28Ноя

Мұздық суымен толысатын Хунза өзені үстіндегі Қарақорым жотасының жартасты беткейлерімен жалғайтын Хуссайни аспалы көпірі жіңішке жіптей ғана көрінеді. Жел соқса, ұзын арқаны мен тақтайлары тербеле бастайды.

22Ноя

Елестетіңізші. Дәл алдыңызда көздің жауын алатын көгілдір түсті су, аяғыңыздың астында ақ ұлпа қардай құм жатыр. Мұхит үстінде бунгало, тұтас аралдың бойына қаз-қатар орналасқан әрі жағажайға қарайтын керемет виллалар, экзотикалық тағамдар мен небір ойын-сауық түрлері – осының бәрі Мальдив аралдарына не үшін бару керек деген сұраққа жауаптың басы ғана.

22Ноя

Жерді айналған осы алғашқы саяхат жаһандануға, христиандықтың таралуына, ғасырларға созылған отаршылдыққа түрткі болып, әлемді мәңгілікке өзгертті.

17Ноя

Жаны ашуға қабілетті егеуқұйрықтардан бастап, наразылық білдіре алатын маймылдарға дейінгі кейбір жануарлар біздің сан қилы сезімдерімізден кем түспейтін эмоцияларға ие.

15Ноя

Әлбетте, әңгіме осыдан 100 жыл бұрын ашылған Тутанхамон перғауынның мазары туралы. National Geographic журналы қарашадағы санын өткен ғасырда әлемді дүр сілкінтіп, дүние жүзінің назарын ежелгі Мысырға аударған осы жаңалықтың деректі тарихына арнап отыр.

11Ноя

National Geographic Photo Ark көрмесі 2022 жылғы 11 қарашада Астанадағы Ұлттық музейде ашылды

Көрме жан-жануардың  барлық түрін құжаттаумен айналысатын National Geographic зерттеушісі, фотограф Джоул Сарторидың  хайуанаттар бағында, аквариумдарда және жабайы табиғат қорықтарында түсірген жұмыстарын көрсетеді.

10Ноя

«EL ARNA»-ның «Жабайы табиғат» атты деректі фильмдер циклы жайында.

«EL ARNA» арнасы жаңа маусымға жаңа форматта қадам басып жатқаны белгілі болар. Қолдан келгенше қоғамның барлық саласын қамтитын жобалар жасауға тырыстық. Қазір әлемде көрерменнің сұранысын көптеп тудырып отырған деректі фильмдер екенін байқаймыз. Бір ғана мысал келтіре кетейін. Карантин күшейгенде елдің бәрі ортадан оқшауланып, теледидарға үңіліп көретін киноларды сайттардан сатып алып кетті. Сол уақытта ақылы фильмдер топтамасын сатып алған адамдардың 75%-ы Netflix ұсынған деректі туындыларды қарапты. Бұл жанр қоғамда осыншалық үлкен қызығушылық тудырған болса, неге біз «EL ARNA»-дан көрермендерге сол дүниені ұсынбаймыз деген ой келді. Осы мақсатта «Жабайы табиғат» атты деректі фильмдерді дайындап, экран арқылы елге көрсете бастадық.

Байыппен қарай білсек, қазақтың кең байтақ даласында қанша қазыналы жер жатыр. Қызығып қарайтын нулы орманымыз, көрікті өзен-көлдеріміз, қызыл кітапқа кірген аң-құстарымыз, тылсымға толы табиғатымыз да жетерлік. Қолдағы бар алтынның қадірін біліп, қажетімізге жарата алмай келе жатырмыз. Демалыс десе тек көз алдымымызға шетелде, теңіз жағасында қыдыруды ғана елестетпей, өз табиғатымызды танып білсек тамаша емес пе?

Әр мезгілде өзіне тән әсемдігімен құлпырған құнды жерлерімізді дәріптеуге арналған мұндай жобалардан алатын мәлімет те, көріп көз тойдыратын сұлулық та жетіп жатыр. Қасиетті Қаратау, Жер жәннатты Жетісу, Шығыстың шырайлы орманы, Арқаның атырабы, Батыстың байтақ даласында тамаша мекендер толып жатыр. Тек сол жерге туристерді тартып, сапалы қызмет көрсететін сенімді сервис болса, табылмай жатқаны жасырын емес. Біз көрсеткен бағдарламаның арқасында ертең сол жерлерге жан-жақтан қонақтар қызығып барып жатса, ойға алған мақсатымыздың орындалғаны.

«EL ARNA»-ның бұл жаңа жобасы әр қазақтың өз елінің табиғатына деген сүйіспеншілігін арттырады деп сенемін.

Ақын Жәркен Бөдештің «Туған жер» атты өлеңінде мынадай жолдар бар:

«Туған жердің бұлағы,

Толқыныңмен ат мені.

Туған жердің жыланы,

Шырылдатып шақ мені.

Туған жердің доңызы,

Қан жоса ғып жарып кет.

Туған жердің қоңызы,

Домалатып алып кет.

Туған жердің қасқыры,

Кемір ақын сүйегін.

Туған жердің тас құмы,

Сені осылай сүйемін»

Әр қазақтың жүрегінде осындай еліне деген сүйіспеншілік болса, туған жердің жайнаған табиғаты түгілі, жабайы аңына да жанашырлықпен қарап, қадіріне жетеді деген сенімдемін.

Қазақстанның көркем табиғатын «EL ARNA»-мен бірге тамашалайық!