25Қаз

Егер Шымкентке барсаңыз Дендропарк­ке соқпай кетпеңіз. Шымкент ажары – II

Дендропарк Шымкент

Көлемі де, көркемдігі де нағыз көзтартарға лайық көрініске бай. Жүгірген, скандинав желісіне салған, йога жасаған адамдар мұнда құла таңнан жиналады екен. Ну орман ішіндегі теп-тегіс тротуар­лармен келе жатсаңыз, діңі жуан еңселі ағаштардан шулаған мың-сан құс дүр-дүр көтеріліп-басылады. 80 жылдарға дейін бұл жерде қалалық қоқыс төгу орны болған дегенге кім сенеді? Сол кездегі өңір басшылығы осындай шешім қабылдап, орнына жаппай ағаш отырғызған. Қазір, міне, 600 мыңнан астам ағаш пен 1 млн 360 мыңнан астан шөптесін өсімдік түрлері жайқалып өсіп тұр. Жер шарының түпкір-түпкірінен әкелініп ағаштар отыр­ғызылды, аң-құстар жіберілді. Қаланың қақ ортасында­­ғы таңғы таза ауа тау самалындай бойды сергітеді.

Йога в дендропаркеШырайы күн санап емес, сағат санап ажарланып жатқан Шымкент шаһарын айналасы оншақты күннің ішінде түгел аралап біту әсте мүмкін емес. Біз тек ел аузында ең көп айтылып жүрген жерлерді ғана шолып өттік. Ал құпия­­сы толық ашылмаған жерлер әлі қаншама? «Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Сол өмірін Шымкентте өткізуге тырысуы керек» демекші, біз де тотыдай түлеген сұлу қаламен қимай-қимай қоштастық.

Дендропарк Шымкент

Фото авторы: Джордж Стейнметц пен Герд Людвиг