26Там

Ұлы дала жорығы

Фото: National Geographic архивінен

Қазақстанда тұңғыш рет 1200 шақырымнан асатын «Ұлы дала жорығы» атты 12 күндік аламан жарыс, марафон-бәйге өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Фейсбук парақшасындағы арнайы бейне-үндеуінде жариялады.

 «Өздеріңізге белгілі, халқымыз үшін жылқы жануарының орны бөлек. «Түбіміз – Түркі, түлігіміз – жылқы» дейтін қазақ атамыз тұлпарды ерекше қадірлеген. Қазақ даласында ежелгі Ботай қонсында жылқының қолға үйретілгені археологиялық қазбалар арқылы дәлелденді. Бүгінгі дүние жүзі Алаш баласын арғымақты алғаш ерттеген ел деп таниды. Осы ретте сол көшпенді бабаларымыздың заңды мұрагері ретінде ат спорты мен ат туризмін заманға сай дамыту мақсатында жаңа жобаны қолға алдық», деген Дәурен Абаев «Ұлы дала жорығы» аламан-марафонына қатысушылар қыркүйектің 18-інде астанамыздан шығып, киелі Түркістанға 12 күн ішінде жетуі керектігін айтып, жігіттеріміз жігерін сынайтын, қазанаттарымыз қажыр-күшін көрсететін марафон-бәйгеге баршамызды жанкүйер болуға шақырды.

Д.Абаевтың бейне-үндеуі мына сілтемеде: https://www.facebook.com/search/top?q=%D0%B4%D0%B0%D1%83%D1%80%D0%B5%D0%BD%20%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2

Марафон бағыты

Нұр-Сұлтан қаласынан алты өңірдің жерімен Түркістан қаласына дейін:

Нұр-Сұлтан қаласы – Ақмола облысы – Қарағанды облысы – Ұлытау облысы – Қызылорда облысы – Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Аламан шарттарын qazanat.com сайтынан біле аласыздар.