21Қыр

Талдыкөл: құстар, құрылыс және қоқыс

Талдыкөлдің «құс базары» Қорғалжыннан кем емес.

Алайда қазір осы көлді қоршай құрылыс салынып жатыр.

Кіші Талдыкөлдің Сығанақ көшесі жағындағы жағалауын құрғатқан соң, көлдің қазіргі жағалауына қоқыс араласқан топырақ төгілген.

Кей тұсында сол үйіндіні көлге қарай күреп тастаған. Полиэтилен, пластик және басқа да қоқыстар топырақпен араласып, көлге де түсіп жатыр.

Көлдің мына тұсы көпқабатты үйлердің іргесіне тиіп тұр.

Тұрғындары жағаға келіп, тамақ қалдықтарын беретіндіктен, мына балапандары әлі ағарып үлгермеген қос аққу бастаған қасқалдақ, үйрек, шағала, суқұзғын сияқты құстар адамнан аса бір үрке қоймайды.

Мына аққудың көгілдірі сол судағы полиэтилен пакетті шоқып, тартып жатыр.