XIII ғасырда Еуразия кеңістігінде алып империя құрған, әлем «екінші мыңжылдықтың тұлғасы» ретінде мойындаған Шыңғыз хан – тарихтағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі. Сырттай қарағанда, әлемдік тарихнамада Шыңғыз хан туралы жан-жақты зерттеліп, толымды дүниелер көптеп жарыққа шыққандай көрінуі мүмкін. Алайда, ғалымдарды әлі күнге дейін толғандырып жүрген сауалдарға сәуле түсіретін жазбалардың өте аз сақталғаны аян.
