Another wonder of the open-air museum that is Mangistau is Mount Sherkala.
Шерқала тауы
Жер сілкіністері салдарынан ерекше пішінде қалыптасқан төрткүл тау.
Шарын ұлттық паркіндегі бір күн – National Geographic Traveller (Ұлыбритания)
Алматыдан келетін жол жаңартылып, сүрлеу-соқпақтағы белгілер жақсартылғандықтан, Шарын ұлттық паркінің сай-саласы мен қысаңдарына, зәулім қорғандарына жаяу турист енді оңай жете алады.
Тилациннің екінші өмірі
Жойылып кеткеніне бір ғасыр уақыт өткен, Аустралияның баға жетпес ұлттық символы – тасман жолбарысы қайта тіріле ме?
АВТОРЫ: КЕННЕДИ УОРН
Тасман жолбарысы тірі, бірақ тура мағынасында емес. Ғасырға жуық уақыт ешбір жерден байқалмаған Аустралияның əйгілі қалталы жыртқышы адамдардың жадында сақталған. Оны жойылып кетуіне байланысты әлі күнге өкініш сезімімен еске алады. Сонымен қатар, бірнеше ғалым мен кəсіпкердің осы жануар түрін қайта өмірге əкелуге деген талпынысында «тірі» деуге болар.
Тасман жолбарысы туралы маңызды мəлімет – ол шын мəнінде жолбарыс емес жəне Тасманиядан тыс жерлерде де тіршілік еткен. Тилацин деген атпен танылған жануар тіршілігінде де, жойылып кеткен соң да еуропалықтардың қате түсінігінің құрбанына айналды.
Осы жануар туралы жаңсақ пікірдің қалыптасуына себепші болған – голландиялық зерттеуші әрі теңізші Абел Тасман. Ол 1642 жылы оңтүстікте жарамды жерлер іздеу кезінде Тасман аралының Ван Димен аталатын шығыс жағалауына келеді (Лутрувита деген дəстүрлі аборигендік атауымен белгілі бұл жер кейінірек зерттеушінің құрметіне Тасмания аталды). Сол жерде тұщы су іздеп жүрген Тасман теңізшілерінің тобы «жолбарыс сияқты тырнақтары бар» тіршілік иесінің іздерін байқайды.
Еуропалық отаршылдар өз білімі мен сенімдеріне сүйеніп, жануарға зебра опоссумы, қалталы қасқыр, тасмандық динго секілді əртүрлі атаулар берді. Сол замандағылар Солтүстік жарты шар сүтқоректілерін барлық жағынан жоғары санап, аустралиялық қалталы жануарларды «табиғаттың дəрменсіз, деформацияланған жəне құбыжық туындылары» деп есептеген. Бүгінде барлығы жақсы көретін коала кезінде «ебедейсіз… ыңғайсыз жəне икемсіз» деп суреттеліп, ал қазіргі заманға жете алмаған əлемдегі ең ірі қалталы жыртқыш тилацин бар болғаны қарабайыр қоқыс жинаушы, «қауіпті» жəне «ақымақ» жануар ретінде танылды.
Осы отаршыл ашкөздік Аустралияны қалпына келмейтін экологиялық өзгерістерге ұшыратты. Тилациннің жойылуы – осы бассыздықтың салдары.
Тасман тилациндерінің 10 000 жыл бұрын теңіз деңгейінің көтерілуінен материкке апаратын табиғи құрлық көпірін су басып қалуына байланысты Лутрувитада (Тасманияның жергілікті тайпалар тіліндегі атауы) оқшауланған популяциясы ғана қалды. Бірақ жануарларға жайлы аймақ болудың орнына бұл жер олардың өлім лагеріне айналды. Нақты дəлелдердің жоқтығына қарамастан, қойшылар мал басының шығынына тилацинді кінəлады. Осылайша, ол қанішер жыртқышқа «айналып», 1888 жылы оларды өлтірген аңшыларға сыйақы бекітілді. Келесі 20 жыл бойы малшылар мен аңшылар мыңдаған тилацинді өлтірді.
Сыйақы бағдарламасы дегеніне жетті. 1900 жылдардың басында тилацин саны кемігені сонша, төлем азайып, кейін мүлде тоқтатылды. Жануарларды қорғауға үндеулер тым кеш басталды. Табиғи ортада 56 жыл бойы көрінбегендіктен, 1986 жылы тилацин ресми түрде жойылды деп жарияланды. Оның бар екеніне бұлтартпас дəлел ұсынған адамға беріледі деген миллион доллардан астам сыйақының 2005 жылдан бері өз иесін таппауы – осының айғағы. Аустралия музейінің жетекші ғалымы, сүтқоректілерді зерттеуші әрі National Geographic зерттеушісі Крис Хельген тилацин үлгілері бар музейлердің көбінде зерттеу жасады. Хельген: «Тилацин өз тұқымдастарының соңғы өкілі болды, – деді. – …Ол өте ежелгі əрі ерекше түр жəне бүкіл тарихы аталған континентте ғана өтті».
Тилацинді қайта тірілту идеясы 1990 жылдардың соңында пайда болды. «Лазар» жобасы мұражайда сақталған үлгілерінен алынған ДНҚ көмегімен жануарды клондауды жоспарланды. Алайда қолжетімді генетикалық материал тым нашар əрі үзік-үзік болғандықтан, жарамсыз болып, жоба тоқтатылды.
Тилацин геномын қайта құруға мүмкіндік беретін ген-сплайсинг (жалғау) жасай алатын жаңа құралдар пайда болғаннан бері «жолбарысты тірілту» жоспары қайта қолға алынды. Бұл жұмысқа Техас биотехнологиялық компаниясының қолдауымен өздерін TIGRR немесе ТИГҚК (Тилацинді интеграцияланған геномдық қалпына келтіру зерттеулері) зертханасы деп атайтын Мельбурн университетінің генетиктер тобы басшылық етеді. TIGRR жетекші зерттеушісі Эндрю Паск 2022 жылы оның командасы 10 жыл ішінде алғашқы балалық тилацин гибридін шығарады деп болжады. Хельген бұған күмəнмен қарайды. Хельгеннің айтуынша, бұл үшін ең басты кедергі – тилациннің тірі туыстарынан генетикалық алшақтығының тым үлкен болуы. Тилациннің жүндес мамонттан айырмашылығы, оның генін тасымалдай алатын өміршең эмбрионды жасау үшін генетикалық анықтама алып, жасушаларын қолдануға болатын жақын туыстас түрі жоқ. Жүндес мамонт үшін бұл рөлді азиялық піл атқарады. Реконструкцияланған тилацин геномы үшін ұсынылатын реципиент – көлемі тышқандай ғана қалталы даннарттың тилациннен генетикалық алшақтығы адам мен мартышка маймылының алыстығына пара-пар деуге болады. «Тилацин – дара жаратылыс», – дейді ол. – Заманауи генетикалық құралдар бар болғандықтан, біз бұл жыртқышты қайтара аламыз деген ой – қате».
Ғылыми көпшілік, арасында Хельген де бар, жойылып кеткен жануарларды қайта өмірге əкелуден бұрын, тірілерді сақтап қалуға назар аударғанымыз жөн дейді. Ол үшін «ерекше, сиқырлы технология қажет емес, уақыт елегінен өткен тұмса ландшафтарды күту жəне айналамыздағы түрлерді мүмкіндігінше бақылап, басқарып отыру жеткілікті». Тилацин – жоғалту мен үміттің символы. Оның жойылуы тасмандықтарды осындай қасірет енді қайталанбауы үшін жұмылдырды. Олар əлемдегі алғашқы «жасыл» саяси партия құрды. Қоршаған ортаның бұзылуына қарсы бірігіп, жергілікті жануарлардың əлсіз түрлерін қорғауға ант берді. Болашақта басқа түрлер де жойылып кетпесін десек, бәріміз де осы міндеметтелерді ұстануға тиіспіз. Тилациннің үні бізге ғасырлар қойнауынан естіледі: Тым кеш қалмау үшін, күтудің қажеті жоқ.
Омега-3 май қышқылдары қабынуды қалай басады?
Грек жаңғағындағы, дәндер мен теңіз өнімдерінің кейбір түрлеріндегі қоректік заттар қабынуды басып, өкпе қызметіне оң әсер етеді
Некрополь и подземная мечеть Шопан-Ата
Высеченная в скале мечеть состоит из 12 соединенных между собой небольших комнат, каждая из которых служит разным целям.
Қарақұйрық
ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ жерінде 200 мыңдай қарақұйрық болса, қазір олардың саны 30 мыңға да жетпейді
Shopan Ata Necropolis and Underground Mosque
The necropolis and the underground mosque of Shopan-Ata are among the sacred places that people visiting Mangystau make a pilgrimage to
ДИМАШТЫҢ АТАСЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
Шежірелі қарттың өмір тарихы, өнегелі әулеті мен ұрпақтарының өмірдегі және өнердегі жетістіктері
Шопан ата
Маңғыстауға табан тіреген жанның ең алдымен барып көретін, зиярат ететін киелі орындарының бірі, сопылық сәулет өнерінің үлгісі