Бүгін – қазақ халқына, жері мен суына орасан қасірет әкелген Семей ядролық полигоны ресми түрде жабылған күн.
Жан-жануарлар мен жәндіктердің елімізде қанша түрі бар?
Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді, оның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың – 489 (олардың 396-сы Қазақстанда ұя салады, басқалары тек қыстауға ұшып келеді немесе көктем мен күзде ұшып кетеді), бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12, балықтардың – 104 және дөңгелек ауыздылардың 3 түрі бар.
Қазақстан аумағында омыртқасыздардың шамамен 100 мың түрі, оның ішінде жәндіктердің 50 мың түрі мекендейді.
Омыртқалы жануарлардың 128 түрі мен түршелері, соның ішінде балықтардың – 18, қосмекенділердің – 3, бауырымен жорғалаушылардың – 10, құстардың-57 және сүтқоректілердің 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Сонымен қатар, омыртқасыз жануарлардың 96 түрі, оның ішінде, буылтық құрттардың – 2, моллюскалардың (жұмсақ денелілер) – 6, шаян тәрізділердің – 1, өрмекшітәрізділердің – 2, жәндіктердің – 85 түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.
Сүтқоректілердің 34 және құстардың 59 түрі аң аулау объектілері болып табылады.
Мәліметтер Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті сайтынан алынды.
ОТЫЗ ЖЫЛДА «ОРДА» БҰЗБАҒАН ОЙЫЛ
биыл арнасынан асып-тасып жолдарды бұзды, ауылдарға қауіп төндірді.
Болмысы бөлек патша
Гну антилопасы болмаса, Серенгети де болмас еді…
Қазақстанда жыл құстарының қанша түрі мекендейді?
14 мамыр – халықаралық жыл құстары күні.
Микропластик адам бойынан да табылды. Ол қаншалықты қауіпті?
Ғылымның тоқетер тұжырымы әлі белгісіз, бірақ ғалымдардың айтуынша, алаңдауға негіз бар секілді
Пластик өзені
Ганга өзенімен ағып жатқан пластик қалдықтардың мөлшері жылына 6 200 метрикалық тоннадан асады
Бет әлпетін қайта тапқан төрт мың жастағы бассүйек
Тас ғасырында жерленген мына әйел бір кездері солтүстік Швецияның ну ормандарында ғұмыр кешкен екен. Жақында археологтар оның бет-әлпетін реконструкциялады.