15 сәуірден бастап Қазақстан аумағындағы киіктердің санын анықтау мақсатында әуе санағы жүргізіледі.
Сезімтал өрмекші
Өрмекшілердің жақыннан түсірілген суреттерінен олардың қаншалықты дара, көрікті, тіпті тартымды тіршілік иелері екенін аңғаруға болады.
Автор: Джейсон Биттел. Фото: Хавьер Азнар
Өрмекшілер алуан түрлі: олардың 50 000-нан аса түрі белгілі, соның ішінде негізінен су астын мекен ететін су өрмекшілері, Арктика шеңберінің солтүстігінде өмір сүретін арктикалық қасқыр-өрмекшілер және 43 жаста «қарттыққа» жететін алып тікенді өрмекшілер бар. Бірақ көп адам буынаяқтыларды басқа қырынан тануға талпынбайды да.
«Адамдар өрмекші жайлы ойлағанда, бірден қорқынышпен еске алады», – дейді мадридтік биолог әрі фотограф Хавьер Азнар. Ол өзі үш жыл өмір сүрген Экуадор тропикалық ормандарындағы өрмекшілердің суреттерінен әсерлі топтама жинаған. «Жақынырақ қарасаңыз, таңғажайып әлемді көресіз», – дейді ол. Қарама-қарсы беттен тесіле қарап тұрған Phidippus тұқымдасына жататын секіргіш өрмекшіні алып қараңыз. Азнар Солт. Америкада кездесетін бұл өрмекші адамға зиянсыз көрінгенін әрі өзінен қорықпағанын айтады. (Өрмекшілердің он шақты түрі ғана адамға қауіпті екені белгілі). Секіргіш өрмекшілердің бірнеше түрінің көру қабілеті жақсы. Олар күшіктікіндей көздерімен сізге қараса, онда сізді расымен көріп тұрғаны.
Сондай-ақ Оңт. Америкадан шыққан, Aphantochilus тұқымдасына жататын, құмырсқадан айнымайтын сүйкімді шаян тәрізді өрмекшілер бар. Жалпақ мүйізді тұмсықтары өздері аулайтын құмырсқаға ұқсас келеді, бұл олардың жемтігіне байқатпай жақындауына мүмкіндік береді. Жасырынудан шебер жыртқыштарды суретке түсірмек түгілі, табу қиын. Азнардың өзі оларды Экуадорда үш-төрт рет қана көрген.
Мысалы, Экуадорда өрмекшілердің Deinopis түрін суретке түсіру үшін оған бірнеше жыл қажет болды. Осы үлкен көзді, ұзын аяқты өрмекші дәстүрлі аудың орнына, жібектен төртбұрышты тор жасайды. Оны аяқтарымен ұстап отырады да өтіп бара жатқан жәндіктерге лақтырады. Алайда ол өзі қорқақ жәндік. Бірдеңе кенет жақындап келсе, құрған тұзағын алып жасырынып қалады. Осы көріністі камераға ілу үшін фотографтың жемтігін аңдыған жыртқышқа ұқсап ұзақ уақыт бойы үндемей, тапжылмай отыруына тура келген. Бір түні өрмекші шабуылға дайындалып жатқанда, Азнар мүмкіндікті қалт жібермей, камераға түсіріп үлгерді.
Джейсон Биттел – ғылыми журналист, National Geographic зерттеушісі. Ол қазір National Geographic үшін Солтүстік Американың тұмса табиғаты туралы кітап жазып жатыр.
Бабалар ізімен: Маңғыстауға саяхат
MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (KAZGUU) Қазақстан тарихын оқытудың ерекше форматы аясында еліміздің киелі һәм тарихи жерлеріне студенттер саяхатын ұйымдастыруды жалғастыруда
Тазының стандарты қандай болуы керек?
Бойы орта және ортадан жоғары, денесі мығым, арықтау ит
Ілбіс
Ілбіс (Panthera uncia) – Орталық Азия мен Оңтүстік Азияның тауларында мекендейтін, еліміздегі ең ірі мысық тұқымдас аң.
Шоқанның Қашқар сапарының керуені жасақталған қыстау
Ол қай жерде және кімнің қыстауы еді?
Каспийдің бір байлығы – итбалығы
Итбалықты қорғау үшін келесі жылдың шілдесіне дейін арнаулы табиғи резерват құрылатын болды.
Қолшатыры бар құс
Африкада, Сахарадан оңтүстікке қарай мекендейтін қара құтан (Egretta ardesiaca) жемтігін аулауда өте епті. Таяз сулардағы ұсақ балықтарды ұстау үшін ол қос қанатын қаусырып, қолшатыр жасайды.
Неліктен күн мен түннің теңелуі көктем туғанын білдіреді? (видео)
Әр алты айда күн мен түннің теңелуі Жердегі тәулікті теңдей дерлік екіге бөледі. Мұның қалай болатынын және адамдар оны неге ежелден бері тойлайтынын біле жүріңіз.
Әлемдегі ең әдемі мешіттер
Рамазан неліктен ислам мәдениетіндегі ең қасиетті ай саналады?