Атырау облысында ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен өткен чемпионатта бірінші орынды Түркістан облысының спортшылары иеленді.

Атырау облысында ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен өткен чемпионатта бірінші орынды Түркістан облысының спортшылары иеленді.
«Жыл суреттері» байқауына қатысқан ең жақсы 10 фотосуретті назарларыңызға ұсынамыз.
Жыл сайын ақпан айының ортасында «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген тұяқты жануарларға санақ жүргізіледі.
Крейг Катлердің ғаламдағы тіршілік белгілерін анықтауға көмектесетін прототипті суретке түсіру үшін үш күнде үш-ақ мүмкіндігі болды.
Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) жалпы ауданы 29,3 млн га болады. Соның ішіндегі заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА 8 млн га немесе Республика аумағының 2,9% — ын алып жатыр.
Жер бетіндегі ең үлкен сүтқоректі жануар туралы жаңсақ түсініктер көп
Пандемия туризм индустриясына кері әсерін тигізді, бірақ бүгінде ол біртіндеп қалпына келіп жатыр.
Жетісу облысында жастар арасында «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының XIV чемпионаты өз мәресіне жетті.
Қазақтан шыққан тұңғыш антрополог Оразақ Смағұловпен сұхбат
Былтыр 7 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауында жүргізілген рейд нәтижесінде 172 итбалықтың өлексесі табылды.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті итбалықтардың қырылу себептерін анықтау үшін Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы, Гидробиология және экология институты, Микробиология ғылыми-өндірістік орталығы және «Вирусология» ЖШС, «Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі» ЖШС секілді ғылыми ұйымдарға, сондай-ақ Маңғыстау облысы экология департаменті, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жүгінді.
Ғылыми ұйымдар мен құзырлы органдардың өкілдерінен құралған топ итбалықтардың көпшілігі вирустық жедел пневмониядан өлген деген қорытындыға келді. Пневмония жануарлардың теңіздің қазақстандық бөлігіне күзгі шоғырлануы кезінде аралас тұмау мен морбилливирустық инфекциялардың өршуінен туған. Теңіз жануарларының иммунотоксикалық элементтермен және қосылыстармен үздіксіз улануы олардың иммунитеті мен жалпы дене төзімділігін төмендетеді. Нәтижесінде олар жұқпалы ауруларды тез жұқтыруға бейім болады.
Қорыта айтқанда, теңіз жануарларының мекендейтін ортасының ластануы мен олардың вирустық инфекцияларды жаппай жұқтыруы пневмония індетін асқындырып, Каспий итбалықтарының қырылуына әкеп соқтырған.
Фото: Сәкен Ділдахмет