.

Ирландықтар ашкөз болған ба?

22

Ерте қола дәуірі кезінде Ирландия алтын кенімен танымал болды. Көптеген шағын дискілерден, 80-нен аса жарты ай тәріздес «кішкентай ай» деп аталатын мойын әшекейлерінен тұратын алтын артефакттар осы Ирландиядан табылған болатын (оң жақта). Алайда ерте дәуірдегі қолөнершілер осындай бағалы металдарды қайдан тапты деген сурақ туындайды? Алтын кенінің қоры көп болғанына қарамастан, археологтар Ирландияда 4000 жыл бұрын алтын өндірісі болғанына ешқандай дәлел таба алмай отыр.

Қорғасын изотобын талдау деп аталатын геохимиялық әдісті қолдана отырып, археолог Кристофор Стандиш алтынның Корнуоллдан әкелінгенін анықтаған. Бұл өз кезегінде құпияны одан әрі тереңдете түсті. Алтынның қорының үстінде отырған ирландықтардың басқа жақтан алтын тасуы мүмкін бе? Бұл олардың жергілікті кен орнын әлі де ашпағандығы,
я болмаса, неғұрлым бағалы кен көзін іздестіре түсуімен байланысты болар. «Алтын әдетте тылсым күшке ие, оның алыс жерден табылуы, бұл бағалы металдың құнын арттырған болуы керек» – дейді Стандиш.

Рейчел Хартиган Ши

Фото: Эмми СКОТ

       

Пікір жазу