Қарахан кесенесінің қандай сыры бар?

_ysh3422

Бүгінде Тараз қаласын Қарахан батыр мен оның ғашығы Айша бибі кесенесінсіз елестету мүмкін емес. XII ғасыр соңында Қарахан дүниеден өткен кезде, оның қабiрi басына күмбезді ғимарат тұрғызылғаны сол-ақ екен арада жыл өтпей жатып тұрғындардың мінәжәт ететiн қасиеттi орнына айналып үлгереді. Кейіннен бұл мазар «Әулиеата» аталып кетті.

Кесене төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктен солтүстікке қаратыла қойылған.

Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты әрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіш пайдаланылған.

_ysh3436

Фото: Ерболат Шадрахов

    

Пікір жазу